20.09.2024, 13:05 45976

Астанада білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі пысықталды

Астана қаласы Білім басқармасының ұйыдастыруымен қаланың барлық жекеменшік, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларына "Білім беру мекемелерінің жәй күйі және жалпы қауіпсіздігі" тақырыбында жиналыс өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Іс-шара №103 орта-мектептің базасында басқарма басшысының орынбасары Н.Еламановтың төрағалығымен ұйымдастырылды.

Жиналыстың негізгі мақсаты - білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларын жақсарту, қызметкерлер мен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістеріне үйрету, сондай-ақ қауіп-қатерлердің алдын алу.

Бұл жиынға Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің және Полиция департаментінің өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында "Білім беру нысандарындағы терроризмге қарсы қауіпсіздік","Адамдар көп шоғырланған нысандарда, атап айтқанда білім беру нысандарында өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау" тақырыбында баяндама оқылып бейнекамераларды ЖБО-ға қосу, ЖБО дабыл түймесі мен жедел әрекет ету тобының жұмыс істеуі, турникеттер арқылы өткізу режимінің жұмыс істеуі, объектінің терроризмге қарсы қорғалуы паспортының болуы, автоматты өрт дабылының жұмыс істеуі бойынша бірқатар ұсыныс берілді.

Осы бағытта басқарма мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізетін болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны