14.11.2024, 15:50 10741

ІІМ мопедтерге нөмірлік белгілердің қашан берілетінін хабарлады

ІІМ мопедтерге нөмірлік белгілердің қашан берілетінін хабарлады
ІІМ өкілдері ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында түсіндіргендей, 3 қазанда мопедтерге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беруді көздейтін заңға қол қойылды, деп мәлім етті ОКҚ брифингінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Осылайша, мопедтер механикалық көліктерге теңестіріледі, сәйкесінше олардың бұзушылықтары автоматты тіркеу жүйелерімен, сондай-ақ күнделікті жол қозғалысын қадағалау кезінде полиция қызметкерлерімен анықталады. Заң 4 сәуірде күшіне енеді.

Мопедтерді тіркеуді келесі жылы бастаймыз. 1 қаңтардан бастап азаматтар арнайы ХҚКО-ға жүгіне алады. Мопед жүргізушілері әртүрлі бұзушылықтар үшін неге 4 сәуірден бастап жазаланады? Неге осындай уақыт беріліп отыр? Себебі жаңа заң бойынша мопед жүргізушілерінде А1 санатындағы жүргізуші куәлігі болуы керек. Егер біреуде жүргізуші куәлігі болмаса, оларға оқуға, жүргізуші куәлігін алуға, белгіленген тәртіппен мопедтерін тіркеуге және мемлекеттік нөмір белгілерін алуға уақыт қажет", - деп түсіндірді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны