14.01.2025, 13:25 1446

Астаналық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты

Астаналық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты
Астана қаласындағы 38 мектеп-лицейінің 7 "Д" сынып оқушысы Бақтығали Ерланұлы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Әр нәрсеге қызығушылық танытып, қоғамдық ортаның тазалығына мән беріп жүретін елордалық оқушы үйдегі қоқыс жәшіктерін автоматтандырған. Яғни, жәшіктердің қақпақтары адам қолын жақындатқанда өздігінен ашылып, 5 секундтан кейін қайтадан жабылады.

Мен қоқыс салғыштардың қақпақтарын қолмен ашу дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі қақпақтағы көзге көрінбейтін микробтар адамның қолында қалып, ішкі ағзасына өтуі мүмкін. Осылайша қақпағы өздігінен ашылатын етіп жасадым",- дейді оқушы Бақтығали Ерланұлы.


Болашақта тілші болуды армандайтын оқушы ғылыми жаңалықтарды зерттеп, оны жариялауды қазірден үйреніп жүргенін айтады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны