05.02.2021, 18:43 136034

Қазақстан электрондық үкіметті дамыту деңгейі бойынша БҰҰ рейтингінде 29-орын алды

Мамин пандемия жағдайында Қазақстан экономикасы тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсеткенін, бұл едәуір дәрежеде мемлекеттік және жекеменшік секторлардың барлық салаларына цифрлық шешімдердің енгізілуінің өсуімен байланысты екенін атап өтті.
Нұр-Сұлтан. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан электрондық үкіметті дамыту деңгейі бойынша БҰҰ рейтингінде 29-орын алды, деп хабарлады "Digital Almaty 2021: цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс" форумында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
 
Мамин пандемия жағдайында Қазақстан экономикасы тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсеткенін, бұл едәуір дәрежеде мемлекеттік және жекеменшік секторлардың барлық салаларына цифрлық шешімдердің енгізілуінің өсуімен байланысты екенін атап өтті.
 

Айқын шектеулерге қарамастан, біз цифрлық инфрақұрылымның қолжетімділігі мен сапасын арттыру жұмысын жеделдеттік. 2020 жылы 20 мың талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы бойынша МЖӘ жобасы аяқталды. 1 000-нан астам мобильді байланыстың базалық станциясы орнатылды, бұл өңірлердегі технологиялық теңсіздік деңгейін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде Қазақстан халқын интернетпен қамту бүгінде 99%-ды құрайды", — деді А. Мамин.

 
Үкімет басшысы ҚР азаматтары үшін тұлға биометриясы бойынша қашықтан сәйкестендіру арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қашықтан алу мүмкіндігі берілгенін атап өтті. Жиынтықты құжат айналымы, мобильді жұмыс орны, кадрлық әкімшілендіруге және әлеуметтік төлемдерге онлайн тәсілдер қолдану секілді жобалар белсенді енгізілуде. Онлайн форматта қолжетімді мемлекеттік қызметтердің үлесі 93%-ға дейін жеткізілді.
 
Соның нәтижесінде, 2020 жылы Қазақстан электрондық үкіметті дамыту деңгейі бойынша БҰҰ рейтингінде 10 позицияға көтеріліп, 193 елдің арасында 29-орынға ие болды.
 
Бөлшек сауда құрылымындағы электрондық сауда көлемі өткен жылы 3 есеге жуық – 3,8%-дан 9,7%-ға дейін өсті. Халықтың қолма-қол ақшасыз операцияларының көлемі 2,5 есеге, 14,1 трлн теңгеден 35,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны