17.10.2024, 11:29 47951

Мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыруды енгізу Таразда бюджет қаражатын үнемдеді

араз қаласында мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру жүйесінің пилоттық жобасы аяқталды. Жоба нәтижелерін Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндады.

Пилоттық жоба шеңберінде Тараз қаласындағы 160 мекеме, оның ішінде шағын-орталықтар мен жекеменшік балабақшалар ваучерлік қаржыландыру жүйесімен қамтылды.

Министрдің мәліметінше, пилоттық жоба арқасында 2024 жылдың шілде айында 2 жастан асқан 11 983 баланы құраған қаладағы балабақша кезегі қыркүйекте 17 балаға дейін қысқарған.

Сонымен қатар ваучерлік қаржыландыру жүйесі бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік берді. Екі ай ішінде мектепке дейінгі білім беру саласына жұмсалған шығындар шілдедегі 1,7 млрд теңгеден қыркүйекте 1,1 млрд теңгеге дейін төмендеп, нәтижесінде шамамен 600 млн теңге үнемделді.

Бұл үрдіс ваучерлік қаржыландыру тетігінің тиімділігімен тікелей байланысты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны