20.08.2024, 22:33 35726

Тараздық оқушы қалқымалы электр стансасын жасап шығарды

араздық оқушы "Тәуелсіздік ұрпақтары" жобасы аясында қалқымалы электр стансасын жасап шығарды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

Былтырғы "Тәуелсіздік ұрпақтары" жобасының "Ақпараттық технологиялар" бағыты бойынша грант иегері Қанат Тәжіхан "Future Solar Power Plant" жобасын жүзеге асырып, таныстырды. Қанат 18 жаста. Тараз қаласындағы мектептердің бірінде 12-сыныпта оқиды. Болашақта IT инженері болуды жоспарлап отыр.

Оқушы грант қаражаттына қуаттылығы 6,6 кВт болатын Қазақстандағы тұңғыш қалқымалы күн электр станциясын жасаған. Жүйе күн трекерімен және өзін-өзі тазалау функциясымен жабдықталған. Автордың айтуынша, оның жобасы қазақстандық нарықтағы ең тиімдісі.

Қанаттың жобасы қазірдің өзінде Алматы облысының экологиялық аймақтарының бірінде жүзеге асырылуда.

Айта кетерлігі, 2024 жылы "Тәуелсіздік ұрпақтары" байқауы аясында жастардың бастамаларын жүзеге асыруға 3 миллион теңге сомасында 30 грант бөлінеді. Волонтерлік саласын қолдау мақсатында қосымша "Волонтерлік" бағыты қарастырылған.

Қазір "Тәуелсіздік ұрпақтары" байқауына өтінімдер қабылдануда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны