22.10.2022, 14:00 42256

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 34 жағдайы тіркелді

22 қазанда КВИ-ден 972 адам ем алуды жалғастыруда.
Астана. 22 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 34 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 394 479 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 22 қазанда КВИ-ден 972 адам (812 КВИ+ және 160 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 100 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 872 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде – 2 пациент,
 
- аса ауыр халде – 4 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 2 пациент бар.
 
20 қазанда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 12 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 841 415 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 602 154 адам вакцинацияланды. 5 593 542 адам ревакцинацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны