03.03.2021, 17:15 7563

Қазақстанда 3 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 3 наурыз. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 2 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 214 806 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 214 806. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 25 228 (+68); 
 
Алматы қаласында - 25 280 (+105); 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 22 143 (+49); 
 
Атырау облысында - 17 240 (+35); 
 
Павлодар облысында - 17 773 (+79); 
 
Қарағанды облысында - 15 506 (+46); 
 
Ақмола облысында - 13 802 (+69); 
 
Батыс Қазақстан облысында - 13 118 (+64); 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 12 410 (+25); 
 
Қостанай облысында - 12 497 (+61); 
 
Алматы облысында - 10 965 (+51); 
 
Шымкент қаласында - 6183 (+12); 
 
Жамбыл облысында - 5970 (+9); 
 
Түркістан облысында - 4294 (+6); 
 
Маңғыстау облысында - 4243 (+12); 
 
Ақтөбе облысында - 4285 (+12); 
 
Қызылорда облысында - 3869 (+14).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 944 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 198 726, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
3 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-дан 19 304 адам (13 303 КВИ+ және 6 001 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 340 науқас стационарларда, ал 14 964 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 243 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 42 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 47 науқас.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 3 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 777 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 1 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 65 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 221 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 372, 630 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 42 741 жетті.

Алматы COVID-19 таралуы бойынша "сары" аймаққа өтті.

2021 жылғы 3 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары орналасқан.

"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны