23.07.2021, 23:58 8257

Вакцинациядан кейін 4,7 мыңнан астам қазақстандық коронавируспен ауырды

НҰР-СҰЛТАН. 23 ШІЛДЕ - 4 765 қазақстандық вакцинациядан кейін коронавируспен ауырды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Айжан Есмағамбетова вакцина алғаннан кейін Қазақстанда коронавирус ауруының 4 765 жағдайы тіркелгенін хабарлады.
 

Бірінші кезеңнен кейін - 2384, екінші кезеңнен кейін - 2381", - деп нақтылады спикер.

 
Сонымен қатар, ол бұл вакцина алғандардың "аз ғана пайызы" екенін және ол 0,09% құрайтынын атап өтті.
 
Комитет басшысы нақты вакцинадан кейін қанша адам ауырғанын айтты.
 
Спутник вакцинасының бірінші компонентін алғаннан кейін 2 348 адам, ал екіншісінен кейін 2 102 адам ауырып қалды.
 
Hayat вакцинасының бірінші компонентін алғаннан кейін 246 адам ауырып қалды, екіншісінен кейін - 221. 
 
CoronaVac бірінші компонентінен кейін 45 адам ауырып қалды, екіншісінен кейін - 11. 
 
QazVac вакцинасының бірінші компонентін алғаннан кейін 41 адам, екіншісінен кейін 45 адам ауырып қалды.
 
Сонымен қатар, Айжан Есмағамбетова Қазақстанда вакциналардың қалдықтары туралы да хабарлады.
 

Бүгінгі күні бізде вакциналардың бірінші компонентінен 582 141 доза, екінші компонентен - 1 000 194 доза бар. Coronavac вакцинасының алғашқы дозасынан шамамен 20 000 доза қалды, ол барлық дерлік өңірлерде бар, бірақ әртүрлі мөлшерде. Ең көп мөлшерде Маңғыстау облысында, ал ШҚО мен Ақтөбе облыстарында жоқ. Спутник вакцинасының бірінші компонентінен 561 000 доза қалды, ол барлық өңірлерде бар, QazVac-тың 3 000 дозасы бар, ең көп мөлшерде Маңғыстау облысында және Атырау облысында, ал төрт өңірде - Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Алматыда жоқ. Sinopharm тек Маңғыстау облысында ғана қалды - бірінші компоненттің 6 286 дозасы бар", - деп атап өтті спикер.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны