10.11.2022, 18:27 36061

Қазақ тілі бойынша емтиханды 5-8 және 10 сынып оқушылары тапсырады

Қазақ тілі бойынша емтиханды 5-8 және 10 сынып оқушылары тапсырады
Астана. 10 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - "Қазақ тілі" пәнінен емтиханды 5-8, 10-сынып оқушылары тапсырады. Мұндай өзгерістер келесі (2023-2024) оқу жылынан бастап енгізіледі, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Бұған дейін қазақ тілінен емтиханды тек 9 және 11-сынып оқушылары ғана тапсыратын. Олар да осы пәннен емтихан тапсыруды жалғастырады.
 
Бұған дейін бұл ұсыныс қазақ тілі мұғалімдерінің съезінде және Оқу-ағарту министрінің қатысуымен өткен мұғалімдер қауымдастығы өкілдерінің кездесуінде айтылған болатын.
 
Қазақ тілінен емтихан жазбаша және ауызша түрде өтеді. Тыңдау, айту, оқу және жазу сияқты дағдылар бағаланады. Емтихан тапсырмаларын оқытушылар академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып өздері құрастырады.
 
Бұл пән бойынша қорытынды бағалар 5-8, 10-сыныптарда емтихан және жылдық бағалау қорытындылары бойынша қойылады.
 
Бұған дейін ҚР-да азаматтық алу үшін мемлекеттік тілді білу емтиханын тапсыру қажет болатыны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны