23.04.2021, 22:39 8027

Бекшин алматылықтарға Арбатта серуендеуге тыйым салды

Құжатқа сәйкес, Жібек Жолы даңғылында жаяу жүргіншілердің Абылайхан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін жүруіне тыйым салынады.
АЛМАТЫ. 23 СӘУІР - Алматының Бас санитариялық дәрігері карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес, Жібек Жолы даңғылында жаяу жүргіншілердің Абылайхан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін жүруіне тыйым салынады.
 
Аудан әкімдеріне, мемлекеттік органдарға, "Атамекен" ҰКП-ның қала бойынша филиалына (келісім бойынша), құқық қорғау және арнайы органдарға, мекеме басшыларына кәсіпкерлік нысандарында қатысушыларды кеңейте отырып, Ashyq пилоттық жобасын іске асыруды жалғастыруды қамтамасыз ету тапсырылды.
 
Қаулының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.
 
22 сәуірдегі 23.59 жағдай бойынша Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесімен коронавирустың 300 733 жағдайы тіркелген. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 2894 жаңа жағдайы тіркелді. Елімізде барлығы 300 733 жағдай расталды, оның ішінде Алматыда - 48 993 (+698). 
 
Алматыда 161 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны