21.05.2021, 23:42 9586

Алматыда соңғы қоңыраудың форматы анықталды

Линейкаларды онлайн-форматта өткізу ұсынылған әрі "соңғы қоңырауды" өткізуге тыйым салынбаған.
АЛМАТЫ. 21 МАМЫР - Алматыда биыл 25 мамырда мектеппен қоштасудың дәстүрлі форматы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, қайта қаралды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов олардың онлайн-форматта линейкалар өткізу ұсынылғанын әрі "соңғы қоңырауды" өткізуге тыйым салынбағанын хабарлады.
 
Қайрат Жұманов биыл "бір сынып – бір линейка" қағидаты бойынша "Соңғы қоңырау" іс-шараларын 9 және 11-сыныптарда өткізу ұсынылғанын айтты. Сондай-ақ, іс-шаралардың барлығы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай ұйымдастырылады.
 
Әкімдіктің ақпараты бойынша, биыл 11 сыныпты 11 337 оқушы бітіреді. Мектеп бітіру кештерін 12-14 маусым аралығында өткізу жоспарлануда. 
 
Сонымен қатар, Қайрат Жұманов аттестаттарды дәстүрлі тапсыру күндізгі уақытта мектеп аумағында өтетінін нақтылады.
 
Биыл 647 түлек төрт емтихан тапсыру арқылы "Алтын белгі" мәртебесін дәлелдеулері тиіс.
 
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті карантин кезеңінде мектептерде соңғы қоңырауын өткізу және аттестаттарды тапсыру бойынша талаптарды белгілеген болатын.
 
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан Республикасының Үкіметіне қорытынды аттестаттауды және Қазақстанның бітіруші сынып оқушылары үшін соңғы қоңырауды алып тастауды сұрады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны