25.07.2022, 15:59 5936

Ветбақылау комитеті Алматы маңындағы Ассы жайылымында өлі мал бар шұңқырдың табылуына қатысты түсініктеме берді

Ведомствоның мәліметінше, "Ассы" жазғы жайылымының (жайлауының) аумағында ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келетін 1 (бір) сібір жарасы көміндісі және 1 (бір) үлгілік мал қорымы бар.
Ветбақылау комитеті Алматы маңындағы Ассы жайылымында өлі мал бар шұңқырдың табылуына қатысты түсініктеме берді
Сурет: gov.kz/Ветбақылау комитеті
АЛМАТЫ. 25 ШІЛДЕ - Алматы облыстық аумақтық инспекциясының мәліметі бойынша, обсерваторияның су қабылдағышының жанында малдардың өлекселері бар шұңқырларды табу, ауылшаруашылық малдарының өлекселерін анықтау және Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясының, Еңбекшіқазақ ауданының ветеринарлық станциясының өкілдерінен иелерін анықтау бойынша комиссия құрылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Эпизоотологиялық тексеру нәтижелері бойынша қосымша ақпарат берілетін болады. Сондай-ақ аумақтық бөлімшенің деректері бойынша "Ассы" жазғы жайылымында Алматы облысының Райымбек, Кеген, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының ауыл шаруашылығы жануарлары, орта есеппен 40 мың бас ірі қара мал, 130 мың бас ұсақ мал, 15 мың бас жылқы бар", - деп түсіндірді Ветбақылау комитетінде.

 
Ведомствоның мәліметінше, "Ассы" жазғы жайылымының (жайлауының) аумағында ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келетін 1 (бір) сібір жарасы көміндісі және 1 (бір) үлгілік мал қорымы бар.
 

Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыстың жоғарыда көрсетілген аудандарының аумағында сібір жарасына қарсы 423 400 бас ІҚМ, 505 750 бас ҰММ, 71 000 бас жылқы, 9 500 шошқа және 360 бас түйе егу жүргізілді. Ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар 2022 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларының 17 түрі бойынша жүргізілетінін атап өту қажет", - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

 
Сондай-ақ ЖАО ветеринариялық мамандары тарапынан жануарлардың иелерімен Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының нормалары бойынша жеке және заңды тұлғалардың міндеттері туралы тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
 

"Ассы" жазғы жайылымындағы (жайлау) эпизоотиялық жағдай тұрақты және өңірдің ветеринариялық қызметінің тұрақты бақылауында", - деп қосты комитетте.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны