16.05.2023, 11:25 16061

Ақылы жолға алғаш өткен кезде автокөлік иелері SMS-хабарлама алатын болады

SMS-хабарлама ашық жүйе іске қосылған жеті ақылы жолдан өткен кезде келеді
Ақылы жолға алғаш өткен кезде автокөлік иелері SMS-хабарлама алатын болады
ҚазАвтоЖол ақылы жолдарда SMS-хабарлама қызметін іске қосты, деп хабарлайды Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторының баспасөз қызметі.

Ақылы жол пайдаланушыларын уақтылы хабардар ету үшін ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы SMS-хабарлама қызметінің пилоттық жобасын іске қосты. Ақылы жолға алғаш өткен кезде автокөлік иесі SMS-хабарлама алады. Хабарламада төлем әдістері туралы сілтеме де қарастырылған.

SMS-хабарлама ашық жүйе іске қосылған жеті ақылы жолдан өткен кезде келеді. Олардың қатарында Астана-Павлодар, Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Ташкент, Шымкент-Тараз, Тараз-Қайнар, Қонаев-Талдықорған және Щучинск-Көкшетау күре жолдары бар. Шлагбаумдар қарастырылған учаскелерден өткен кезде ("Астана-Щучинск"," Астана-Теміртау"," Алматы-Қонаев"," Алматы-Қорғас") SMS-хабарлама келмейді.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде жалпы ұзындығы 2,200 шақырымды құрайтын 11 ақылы жол бар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны