16.03.2021, 19:35 10011

Алматы медицина қызметкерлерінің 60%-ы коронавирусқа қарсы екпе алды

Алматы. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда вакцинациялауға жататын адамдардың жоспарланған санының 57,6%-ы егілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлағандай, 1-ші кезеңде ақпан айында 1750 медицина қызметкері вакцинацияланды, олардың барлығы ревакцинация алды.
 
Екінші кезең 1 наурызда басталды. "Спутник V" вакцинасының 10 800 дозасы алынды. Қазірдің өзінде 6225 адам вакцинацияланды (жоспардан 57,6%). "Қауіп-қатер аймағындағы" медицина қызметкерлерінің 60%-ы, мұғалімдердің 10%-ы және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің 20%-ы екпе алды.
 
Естеріңізге сала кетейік, Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин халықты вакцинациямен қамтуды арттыруды тапсырды.
 
2021 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ. және Батыс Қазақстан облысы орналасқан. "Сары" аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары. "Жасыл" аймақта: барлық басқа өңірлер.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны