09.04.2021, 20:22 19492

Алматы облысында 12 сәуірден бастап карантин күшейтіледі

ТАЛДЫҚОРҒАН. 9 СӘУІР - Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов "Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын күшейту туралы" Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес, 12 сәуірден бастап қабылданған шаралардан басқа, отыратын орындарға қарамастан банкет залдарының қызметі, театрлардың, кинотеатрлардың қызметі қосымша тоқтатылады. Сондай-ақ облысаралық, қалааралық, ауданаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар қызметі, қалааралық, ауданаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы тоқтатыла тұрады.
 
12 сәуірден бастап облыста: спорттық іс-шараларды, оның ішінде аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі чемпионаттарды, жарыстарды өткізуге; білім беру орталықтарынан басқа, спорттық, би, гимнастикалық және сол сияқты секциялар мен үйірмелердің қызметіне; мәдениет объектілеріне (музейлер, мәдениет үйлері, концерт залдары және т.б.); құрылыс материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сататын объектілерден басқа, ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес дүкендердің (жеке тұрған) жұмысына тыйым салынады.
 
Қаулының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны