23.05.2023, 14:33 18436

Алматы облысында балалар жаппай уланып қалды

Алматы облысында балалар жаппай уланып қалды
Еңбекшіқазақ ауданында балалардың улануына байланысты аталған жағдайдың себептерін зерттейтін комиссия құрылғанын мәлімдейміз, деп мәлім етті аймақтық әкімшіліктен.

2023 жылғы 19 мамырда сағат 16:00-де ЖМК бригадасы Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 10 пациент: Бәйтерек ауылы орта мектебінің 5 "Д" сынып оқушылары - "анықталмаған бактериялық тамақтан улану " деген алдын-ала диагнозымен жеткізілді. Мұғалімдер мен балалардың айтуынша, олар "Али" дүкенінен сатып алынған тамақты тұтынғаны белгілі болды.

- "Пациенттер тексеріліп, тиесілі медициналық көмек көрсетілді. 7 пациент амбулаториялық емделуге жіберіліп, үшеуі орташа дәрежелі жағдаймен инфекциялық бөлімшеге жатқызылды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Қазіргі уақытта осы мәселе бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде, тергеу қорытындысы анықталған соң жауабы жарияланатын болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны