30.10.2023, 17:58 124946

Алматы жолдарында көктайғақ болуы мүмкін

Алматыда 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, ол қарға ұласады
Алматыда көктайғақ болжанды. Осыған байланысты көлік иелеріне жазғы дөңгелектерді қысқыға ауыстыру ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, Алматыда 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, ол қарға ұласады.


Түнде ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді, көктайғақ болады. Осыған байланысты көлік иелеріне жазғы дөңгелектерді қысқысына ауыстыру ұсынылады".


Алматы қалалық инфрақұрылымды дамыту басқармасының 30 қазандағы хабарламасында айтылғандай, көлік иелері мүмкіндігінше қаладағы көлік қозғалысын шектеуі қажет.

Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Сондықтан жүргізушілер жылдамдықты азайтып, көліктер арасындағы қашықтықты сақтап, апат қаупін ескере отырып, кенет әрекет жасаудан аулақ болуы керек", деп көрсетілген хабарламады.


Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер де көктайғаққа байланысты абай болуы керек екені ескертілді.

Сонымен қатар мұзды жинауға 10 мердігер ұйым, 818 техника және 1240 жол жұмысшысы жұмылғаны айтылды. Көктайғаққа қарсы 76 тонна материал дайындалды. Бұған дейін синоптиктер 30 қазанда Астанада және еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланғанын хабарлаған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны