03.03.2021, 18:52 20380

Алматыда 1-5 сынып оқушылары ата-аналарының қалауы бойынша қашықтықтан білім алуда қала алады

Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов брифинг барысында 1-5 сыныптардағы оқушылардың оқыту форматы туралы айтты.
Алматы. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов брифинг барысында 1-5 сыныптардағы оқушылардың оқыту форматы туралы айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Алматының Бас санитарлық дәрігері білім беру мекемелерінде оқу процесін ұйымдастыру туралы Қаулыға қол қойды.
 
Жұмановтың айтуынша, қазіргі уақытта қалада жалпы контингенті 287 мыңнан астам оқушыны құрайтын 278 мектеп бар, оның 207-сі 270 мыңнан астам оқушыны қамтитын мемлекеттік мектептер, ал 71-і 17 мыңнан астам оқушыны қамтитын жекеменшік мектептер.
 

Бұған дейін оқушылар мен мұғалімдер арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында оқу жылы 1 қыркүйектен бастап мектептерде қашықтықтан оқыту форматында басталды. Оқу жылының 3-тоқсанынан бастап бітіруші 9 және 11-сынып оқушылары аралас оқытуға көшті (пәндердің 70%-ы оффлайн режимінде және 30%-ы онлайн режимінде жүргізіледі) және бүгінгі күні мектептерде 15 108 (70%) 9 сынып оқушылары және 8260 (78%) 11 сынып оқушылары білім алуда. 9, 11 (12) сынып білім алушыларының аралас оқыту форматына көшуі бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттауға, Ұлттық бірыңғай тестілеуді және жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу емтихандарын тапсыруға дайындаумен негізделеді", - деді ол.

 
ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің және Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес 1-ші сыныптан бастап 5-ші сыныпқа дейінгі оқушылар ата-аналарының өтініші бойынша сыныптардағы балалар саны 25 адамға дейінгі санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқыту форматына көшеді.
 

Бүгінгі күні мектептерде аралас оқытуға 1-4 сыныптардың 19 050 оқушысы және 5-сыныптардың 1 593 оқушысы көшті. Білім беру ұйымдарының әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат етіледі. Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және бетперде режимін, келушілер арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау және асханаларды тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30%-нан аспайтын мөлшерде толтыру шартымен мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыруға рұқсат етілді. Шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты білім беру ұйымдары қашықтықтан оқытудан штаттық режимге өткен кезде білім алушылар ата-аналарының қалауы бойынша қашықтықтан оқытуда қалуы мүмкін", - деді Жұманов.

 
Мектептердің қызметі санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептері санитарлық қауіпсіздік дезинфекциялық құралдарымен (тоннелдер, санитайзерлер, тепловизорлар, аяқ киімге арналған кілемшелер және т.б.) 100% қамтамасыз етілген.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны