06.04.2021, 21:14 9660

Алматыда 1 сәуірден бастап 44 мыңнан астам адам COVID-19-ға қарсы вакцинасын алды

Вакцинаның бесінші траншы аясында 9 сәуірде қалаға 57 445 доза, ал 13 сәуірде тағы 57 445 доза жеткізу жоспарланған.
АЛМАТЫ. 6 СӘУІР - Алматыда 1-5 сәуір аралығында 44 315 адам COVID-19-ға қарсы вакцинасын алды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

1-5 сәуір аралығында"Спутник V"-мен 44 315 адам вакцинацияланды. Олардың 6200-і вакцинаның екі компонентін алды. 2 сәуірден 5 сәуірге дейін 28 713 азамат егілді. Өткен тәулікте 4 764 адам екпе алды", - деп хабарлады қала әкімдігінде.

 
Қазіргі уақытта вакциналардың қалдығы 6 335 дозаны құрайды, вакцинация процесі жалғасуда.
 
Вакцинаның бесінші траншы аясында 9 сәуірде қалаға 57 445 доза, ал 13 сәуірде тағы 57 445 доза жеткізу жоспарланған. Барлық дозалар айдың соңына дейін таратылады.
 
2 310 медицина қызметкерін, 2 926 педагогты, 1 834 құқық қорғау органдарының қызметкерін, 242 студентті, 3 631 диспансерлік есепте созылмалы пациентті және балалар мекемелерінің 246 қызметкерін вакцинациялау жоспарлануда.
 
Сондай-ақ, 5 сәуір күні Алматыда коронавирустық инфекцияның 585 жағдайы тіркелді, оның 490-ы симптомдармен. Бүгінгі күні инфекциялық стационарларда (5 610 төсек) 3 146 адам, оның ішінде 87 бала (жеңіл және орта дәрежелі жағдайы) жатыр. Ересек пациенттердің 77-сі өте ауыр жағдайда, 570-і ауыр, 2 499-ы орташа ауыр жағдайда.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда қыркүйек айында 10 млн адамның вакцинациясын аяқтауды жоспарлануда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны