15.10.2024, 14:50 78776

Алматыда "Қарыздарды өте, өсімпұлды есептен шығарамыз" акциясы басталды

Алматыда жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшін коммуналдық кәсіпорын алдындағы қарыздарын айыппұлсыз өтегісі келетін жылу энергиясын тұтынушылар үшін "Қарыздарыңды, өсімпұлды есептен шығарамыз" акциясы іске қосылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Акция жылуды пайдаланғаны (ыстық су, жылу) үшін уақтылы төлемеген жеке тұлғаларға (тұрмыстық тұтынушыларға) қолданылады. Акцияға қатысу үшін осы жылдың қазан айынан желтоқсанның соңына дейін қарызды толық төлеп, "Алматы жылу желілері" ЖШС-не жазбаша өтінішпен жүгіну қажет. Өтінішке пәтерге құқық белгілейтін құжаттардың, жеке куәлік және төлем түбіртегінің (кассалық чек) көшірмесін тіркеу қажет.

Өсімпұлды есептен шығару ыстық су мен жылыту үшін берешекті толық өтеген жағдайда ғана мүмкін болады.

Көрсетілген құжаттармен мына мекенжайда орналасқан тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының біріне (КҚКО) жүгіну қажет:

* "Батыс" ҚКО (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарына қызмет көрсетеді) - "Ақсай-4" ш/а, 51-Б, телефондары: 341-05-30, 341-05-31, е-mail: [email protected];

* "Орталық" ҚКО (Алмалы және Бостандық аудандарына қызмет көрсетеді) - Шапық Шөкин көшесі, 221-В, телефондары: 341-05-28, 341-05-29, е-mail: [email protected];

- "Шығыс" ҚКО (Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарына қызмет көрсетеді)-Төлебаев көшесі, телефондары: 341-05-32, 341-05-33, е-mail: [email protected].

ҚКО-на бару мүмкіндігі болмаған жағдайда құжаттарды электрондық поштаға [email protected]. жіберуге болады.

Сондай-ақ, 341-07-77 нөміріне қоңырау шалу арқылы АЖЖ анықтамалық қызметіне хабарласу арқылы берешек туралы ақпарат немесе жылу энергиясын есептеу бойынша кеңес алуға болады. Сонымен қатар, WhatsApp нөмірі қолданылады: +7 (701) 027-11-20 (тек хабарламаларды қабылдау үшін жұмыс істейді).

Естеріңізге сала кетейік, берешек төленбеген жағдайда, қарызы барлар жылумен жабдықтау қызметтерінен ажыратылады, ал қарыздар сомасы сот арқылы мүлікке және банктік шоттарға тыйым салумен өндіріледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны