24.01.2024, 11:22 35011
Алматыда Қазақстанның барлық оқушылары үшін музейге бару тегін болады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
24 қаңтардан бастап мектеп оқушылары үшін Алматы музейлеріне кіру тегін болады. Бүгін қала әкімдігі тиісті шешімге қол қойды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бұл оқу процесін байытып қана қоймай, балалардың мәдениетке, өнерге және тарихқа деген терең қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, музейлерге бару арқылы олардың сыни ойлау қабілеті мен аналитикалық дағдылары да дами түседі.
Елімізде 3,9 млн оқушы бар. Біз барлық бала мен жасөспірім өнер туындыларын, артефактілер мен экспонаттарды өз көздерімен көріп, дүниетанымын кеңейткенін қалаймыз. Бұл оларға қосымша білім алып, тарихи оқиғаларға терең үңілуге көмектеседі. Мектеп оқушылары музейлерге негізінен сынып жетекшілерімен бірге келетінін байқаймыз. Енді олар оқу жылы барысында да, демалыс кезінде де Алматы әкімдігіне қарасты музейлерге тегін бара алады", - деп хабарлады қала әкімдігі.
24 қаңтардан бастап мектеп оқушылары үшін Алматы музейлеріне кіру тегін болады. Бүгін қала әкімдігі тиісті шешімге қол қойды. Бұл оқу процесін байытып қана қоймай, балалардың мәдениетке, өнерге және тарихқа деген терең қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, музейлерге бару арқылы олардың сыни ойлау қабілеті мен аналитикалық дағдылары да дами түседі.
Елімізде 3,9 млн оқушы бар. Біз барлық бала мен жасөспірім өнер туындыларын, артефактілер мен экспонаттарды өз көздерімен көріп, дүниетанымын кеңейткенін қалаймыз. Бұл оларға қосымша білім алып, тарихи оқиғаларға терең үңілуге көмектеседі. Мектеп оқушылары музейлерге негізінен сынып жетекшілерімен бірге келетінін байқаймыз. Енді олар оқу жылы барысында да, демалыс кезінде де Алматы әкімдігіне қарасты музейлерге тегін бара алады", - деп хабарлады қала әкімдігі.
Мектеп оқушылары тегін бара алатын музейлердің тізімі мен мекенжайы:
1. Алматы тарихы музейі (Қабанбай батыр көшесі, 132)
2. Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, (Зенков көш., 24/А),
3. Д.А. Қонаев музейі (Төлебаев көш., 117),
4. Әдеби-мемориалдық музей кешені:
С. Мұқановтың музей-үйі (Төлебаев көш., 125, 3-пәтер)
Ғ. Мүсіреповтің музей-үйі (Қарасай батыр көш., 49, 25-пәтер)
5. Тілендиевтің мемориалдық музейі (Қонаев көш., 96),
6. А.Байтұрсынұлының музей-үйі (Байтұрсынұлы көш., 60)
7. Райымбек батыр музей кешені (Райымбек батыр даңғ., 96 а)
8. Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы (Нұркент ш/а, 5/11)
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
25.11.2024, 13:16 1841
Алматыда 2000-нан астам жеке тұрғын үйдің өртке қарсы қауіпсіздігі тексерілді
Достарға айту
23 қарашадан бастап, сенбі-жексенбі күні Алматы қаласының Алатау ауданында жеке тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша "Өртсіз өмір - қауіпсіз болашақ" ауқымды профилактикалық акциясы өтті. Іс-шара Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен және Өңірлік коммуникациялар қызметімен бірлесіп өткізілді. Акцияға БАҚ өкілдері, еріктілер және газ қызметінің қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара барысында ТЖД мамандары 2297 үйдің тұрғындарын хабардар етті. Көмір және отынмен жылытылатын 16 мұқтаж отбасылар үйінде газ иісін анықтау датчиктері орнатылды.
Алматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев жеке тұрғын үйлердегі қауіпсіздікті арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады. Көп балалы отбасыларды, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоса алғанда, халықтың әлеуметтік осал санаттарына ерекше назар аударылады.
2018 жылдан бастап Алматыда аз қамтылған отбасылар үшін өтеусіз негізде 1500-ге жуық газ иісін анықтайтын датчигі орнатылды. Алайда, кейбір тұрғындар оларды өшіріп тастайды, бұл үлкен қауіп төндіреді. Біз түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, барлығын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз", - деп атап өтті Н. Атығаев.
Аудан әкімдіктері атаулы көмек үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 901 отбасын анықтады. Осы отбасылардың барлық 100% - ы профилактикамен қамтылған, оның ішінде 102 отбасы үйлерін қатты отынмен жылытады.
Алатау ауданы әкімдігінің мәліметінше, демеушілер ХӘОТ үшін 200 датчик сатып алған. Датчиктерді орнату жұмыстары жалғасуда.
Қауіпсіздік үшін - Бірге", "Қөмек қолы" және "Таза түтін мұржасы" акциялары аясында 36 үйде атаулы өрт-профилактикалық көмек көрсетілді. Үйлерде түтін мұржаларын тазалау, жарықшақтарды бітеу, түтін арналары өтетін жерлерде қабырғаларды әктеу және іргелес аумақтарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 41 үйде газ иісін анықтайтын датчиктер орнатылған.
Сонымен қатар, мұқтаж отбасыларға жылыту үшін отын беру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.
Көпшілікті қамту үшін жұмысқа еріктілер, газ қызметі, аудан әкімдігінің қызметкерлері мен қоғам белсенділері жұмылдырылды. Тұрғындарға ТЖД-ның 8 арнайы машинасының көмегімен қосымша ақпарат берілді, олар тұрғындарды жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, мегаполистің ірі сауда орталықтарының бірінде ТЖД қоғамдық қабылдауы жұмыс істеді, онда барлық ниет білдірушілер өрт қауіпсіздігі саласында өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.11.2024, 12:43 2226
Жыл басынан бері 16,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Достарға айту
2024 жылы 16 535 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 144,9 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,9%-ы Қытайдан, 39,2% - Өзбекстаннан, 5,8% - Моңғолиядан, 5,2% - Түрікменстаннан, 2,8% - Ресейден және 1,1% басқа елдерден.
Осы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,2%-ды және зейнеткерлер 9,4%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,8%-ы жоғары білімді, 24,8%-ы орта кәсіби білімді, 54,4%-ы жалпы орта білімді, және 3% білім жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.
Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 3 033 адамды құрайды. 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 841 қандас қоныс аударды.
Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады - бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге - бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.
Жыл басынан бері 2 390 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 763 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,28 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылда пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылды. Пилоттық жоба шеңберінде елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Бүгінгі таңда этникалық қазақтардан жаңа форматта 21 166 өтініш қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 17:28 24901
Алматыда кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Достарға айту
23-24 қарашада сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Алматы облысы фермерлері мен Алматы қаласы ауылшаруашылық өндірушілер қатысады, деп хабарлайды Алматы қаласының баспасөз қызметінен.
Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.
Өнімнің жалпы көлемі 250 тонна құрайды, оның ішінде:
* Ет өнімі - 50 тонна;
* Жеміс-көкөніс өнімі - 100 тонна;
* Сүт өнімі - 45 тонна;
* Балық өнімдері - 5 тонна;
* Өзге өнімдер - 50 тонна.
Жәрмеңке өтетін орын - Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.
Құрметті көлік иелері!
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 22 қарашада сағат 20:00-ден 24 қарашада 20:00-ге дейін жабылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала реттеуіңізді сұраймыз.
Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.11.2024, 16:29 28576
Қазақстандықтар жаңа жылда 1-4 қаңтар аралығында демалады
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс жасайтын қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар - 1-3 қаңтар күндері демалатын болды.
Демалыс күнін ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.11.2024, 14:37 41421
2024 жылғы 1 қарашада 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Достарға айту
2024 жылғы 1 қарашада 76 мың отбасындағы 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 54,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты - ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% - нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 қарашаға АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 126 мың балаға 4,5 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.11.2024, 14:52 54561
Алматыда "CareerTime" кәсіптік бағдар беру фестивалі өтті
Достарға айту
Алматы қаласының Нархоз университетінде "CareerTime" кәсіптік бағдар беру фестивалі өтті. Бұл ауқымды іс-шара жастардың кәсіби бағыт-бағдарын анықтауға және еңбек нарығының қажеттіліктерімен танысуға мүмкіндік берді. Фестивальге Алматы қаласының 26 жоғары оқу орны, 30 ірі компания 400 бос жұмыс орындарын ұсынды, ал қатысушылардың жалпы саны 2000-нан астам мектеп бітірушілері мен жұмыссыз жастарды құрады. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен "Almaty student’s week" апталығының аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
CareerTime" - бұл мектеп түлектері мен қала жастары үшін үлкен мүмкіндіктер алаңы. Бұл жерде олар еңбек нарығының жаңа талаптарымен танысып, жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілермен тікелей байланыс орната алады. Мұндай бастамалар жастардың кәсіби өсуіне және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етеді деп сенеміз", - деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.
Фестиваль барысында қатысушылар үшін әртүрлі шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, IT және цифрлық дағдыларға арналған шеберлік сыныптар мен презентациялар, фитнес пен салауатты өмір салты бойынша шеберлік сыныптары және көркем сурет бойынша шығармашылық аймақтар да болды.
Бұл фестиваль маған болашағымды айқындауға көмектесті. Мен өзіме сәйкес келетін университетті тауып, оқу бағдарламасымен жақынырақ таныстым. Осылайша, мен бүгін өзім үшін нақты шешім қабылдадым", - деді фестивальге қатысқан 11 сынып оқушысы Айжан.
CareerTime" фестивалі білім беру, еңбек нарығы және шығармашылық бағыттардың тоғысуының тамаша үлгісі болды. Іс-шара жастардың кәсіби және жеке дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, келешекке сенімді қадам жасауға жағдай жасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша аталмыш шара келесі жылы да жалғасын таппақ.
Сонымен қатар, іс-шара аясында жастар үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.11.2024, 12:44 55381
Қазақстанда 21 қарашада радио мен теледидар өшіріледі
Достарға айту
Қазақстанда 21 қарашада радио мен теледидар өшіріледі, деп хабарлайды "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметінен.
Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
2024 жылдың 21 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!", деп көрсетілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.11.2024, 15:49 75856
315 мыңнан астам әйел азаматтар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов Астанада өткен "Тұрақты даму басымдықтарын қалыптастырудағы ауыл әйелдерінің рөлі" атты Қазақстанның ауыл әйелдерінің VIІ Республикалық форумы аясында әйелдерді жұмыспен қамту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.
Асқар Биахметов өз сөзінде Мемлекет басшысы биылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жыл еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын қоғамда ілгерілетуге бағытталған Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғанын атап өтті.
Қазақстандағы әйелдер негізінен қызмет көрсету секторында, әсіресе білім беру мен денсаулық сақтауда жұмыс істейді, онда әйелдердің үлесі жұмыспен қамтылғандар санының 70% - дан астамын құрайды. Сонымен қатар құрылыс, көлік және өнеркәсіп сияқты салаларда әйелдердің үлесі айтарлықтай төмен. Бұл гендерлік еңбек бөлінісінің жаһандық тенденцияларын көрсететін күтім мен оқытуға байланысты мамандықтардағы әйелдердің жоғары үлесін көрсетеді.
Әйелдердің жартысы жоғары деңгейдегі дағдыларды қажет ететін позициялармен айналысады - бұл басшылар, кәсіпқойлар және мамандар. Кәсіпқойлар арасында әйелдердің үлесі 64% құрайды, бұл әйелдердің жоғары білікті қызмет салаларына қосқан үлесін көрсетеді", - деді вице-министр.
Сондай-ақ, ол гендерлік жұмыспен қамтудың салалық ерекшелігін көрсететін техникалық дағдыларды талап ететін кәсіптерде әйелдер ең аз жұмыс істейтінін атап өтті. Біліктіліктің төмен деңгейі біліктілікті қажет етпейтін жұмыстармен айналысатын әйелдердің 17%-на тән.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 315,5 мың әйел, оның ішінде 165,5 мың ауыл әйелдері қамтылды.
Жыл басынан бері жалпы 239,9 мың әйел жұмыспен қамтылды, оның ішінде 131,3 мыңы тұрақты жұмысқа, 108,6 мыңы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына орналастырылды, бұл жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 45%-дан астамын құрайды", - деді Асқар Биахметов.
Форум аясында "Coca-Cola Belesteri-2024" байқауының жеңімпаздарын марапаттау және Салтанат Рахымбекова атындағы грантты тапсыру рәсімі өтті.
Сондай-ақ, "Әйелдер бастамаларын қолдау құралдары" панельдік сессиясы өткізіліп, "Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әйелдердің рөлі", "Ауылдық әйелдерге арналған цифрландыру және жаңа технологиялар", "Ауылдық жерлердегі әйелдердің білімі мен кәсіби дамуы" сараптамалық алаңдары ұйымдастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
25.11.2024, 10:34Елорда тұрғындарына ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына дайындық жүргізілетіндігі туралы ескертілді 25.11.2024, 12:39 5411Жоғарғы Сот: электронды білезіктер жиі қолданыла бастады25.11.2024, 12:48 5136"Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті" порталы 2025 жылы іске қосылады25.11.2024, 12:53 4861Жауынгерлік машиналарды жаңғырту, әскерлерді даярлау нәтижелері және күзгі шақыру: Тоқаев Қорғаныс министрімен қандай мәселелер талқылады25.11.2024, 14:57 4536Бакуден Сианға Қазақстан арқылы алғашқы контейнерлік пойыз аттанды
22.11.2024, 14:04 97411Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 97006Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда22.11.2024, 11:55 96416Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті22.11.2024, 12:03 96336Алматыда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін ірі құрылыс нысаны айыппұл салынды22.11.2024, 11:48 96151ҚР Премьер-министрі Украинадағы жағдайға байланысты президенттің тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді
08.11.2024, 13:42 115051Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады01.11.2024, 16:38 113306Бектенов: Бизнеспен сындарлы диалог - инвестициялық саясаттың басым бағыттарының бірі01.11.2024, 16:30 107476Астанада Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды07.11.2024, 17:05 100986Алматыда кезекті нысан сот шешімі бойынша бұзылды07.11.2024, 17:00 100526Шымкентте құны 70 млн теңге болатын учаске мемлекетке қайтарылды