07.09.2021, 21:44 7473

Алматыда биыл бірінші сыныпқа 30 мыңнан астам бала барды

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев мектеп тапшылығын азайту мәселесін шешу туралы айтты.
АЛМАТЫ. 7 ҚЫРКҮЙЕК - Алматыда биыл бірінші сыныпқа 30 мыңнан астам бала барды, деп хабарлады мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев. Ол мектеп тапшылығын азайту мәселесін шешу туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Алматы әкімі өзінің Instagram-дағы аккаунтында мектеп құрылысына ерекше көңіл бөлінетінін, себебі балалар саны жыл сайын артып келе жатқанын баса айтты. Бірінші сыныптарға биыл 30 мыңнан астам бала барды.
 

Алатау, Наурызбай мен Түрксіб аудандарында 12 600 орынды 8 мемлекеттік мектеп бой көтеруде. Соның ішінде үш мектеп жыл соңында ашылады", — деп жазды Б. Сағынтаев.

 
Сыйымдылығы 8 мыңнан асатын жұмыс істеп тұрған мектепке жапсарлай салынып жатқан 17 корпустың 3-уі оқу жылының басында ашылды. Жуырда тағы 6 ғимарат пайдалануға беріледі. Қалған 8-і биыл қараша айының соңына дейін бітеді.
 
Жаңа мектептердің құрылысына жеке инвесторлар да белсенділік танытуда. Жаңа оқу жылында қалада 11 мектеп ашылды. Бірқатар жоба жүзеге асырылуда.
 

Нәтижесінде 36 білім беру нысанының ашылуы мектептегі орын тапшылығын 23,3 мыңнан астам оқушыға азайтпақ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыс жалғасын тауып, мектеп құрылысы жеделдетілмек", — деп атап өтті Алматы әкімі Б. Сағынтаев.

 
Хабарланғандай, жаңа оқу жылында қаладағы 287 мектеп 300 мыңға жуық оқушыға есігін айқара ашты.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны