07.06.2021, 22:22 19071

Алматыда демалыс күндері мониторингтік топтар карантиндік шектеулердің 30-дан астам бұзылуын анықтады

Демалыс күндері мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеді.

АЛМАТЫ. 7 МАУСЫМ - Мониторингтік топтар 4-7 маусым аралығында Алматыда карантиндік шектеулердің 30-дан астам бұзылуын анықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, демалыс күндері мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеді. Алматыда 4-7 маусым аралығында белгіленген шектеулерді бұзған 36 жағдай анықталды.

Айта кетсек, Алматыда 4-інен 5-ші маусымға қараған түні белгіленген шектеуді бұзған 19 жағдай анықталды.

Тәртіп бұзғандар тізімінде: Әуезов ауданындағы "Достар сарайы" мейрамханасы 150 адамға арналған үйлену тойын өткізген. Сол уақытта Бостандық ауданына қарасты Han Sarai мейрамханасында да той өткен. Медеу ауданында The Monkey кафесінде 150-ге жуық адам болса, "Небо" барында да 120-ға жуық адам жиналып, заңбұзушылыққа жол берген.

5-інен 6-шы маусымға қараған түні тексерушілердің мобильдік тобы белгіленген шектеуге бағынбаған 14 жағдайды анықтады. Наурызбай ауданындағы "Ильхам" мейрамханасында 150 адамға есептелген салтанатты іс-шара өткен.

Бостандық ауданының тексерушілері "Hide Park" ойын-сауық паркінің фудкортында 150-ге жуық адамның жиналғанын анықтады.

Медеу ауданында ішінде 150-ге жуық адам болған "Атмосфера" мейрамханасын анықтады. Тағы бір заң бұзушылық 200 адам жиналған "Лейд Найд шоуда" анықтады.

6-нан 7-ші маусымға қараған түні мегаполисте 3 заң бұзушылық тіркелді. "Дос" компьютерлік клубында 40-қа жуық адам болса, Медеу ауданындағы "Пинта" барында да 100-ге жуық адам жиналып, заңбұзушылыққа жол берген.

Осы жылдың 20 наурызы мен 7 маусым аралығында барлық белгіленген шектеулерді бұзған 1088 жағдай анықталды.

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға, жұқтыру қаупін азайту мақсатында салтанатты іс-шараларға, адам көп жиналатын жерден аулақ болуға шақырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны