03.09.2021, 18:22 10466

Алматыда карантин жеңілдейді

Барлық бизнес объектілер демалыс күндері, 4 қыркүйектен бастап, мегаполисте "қызыл" аймақ режимінде жұмыс істейді.
АЛМАТЫ. 3 ҚЫРКҮЙЕК - Алматы қаласының Бас санитариялық дәрігері қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
6 қыркүйектен бастап Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілер жұмыс күндері келесі жұмыс режиміне көшеді:
 
Барлығы үшін жұмыс уақыты 22.00-ден 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары үшін - 02.00-ге дейін ұзартылды.
 
Барлық бизнес объектілер демалыс күндері, 4 қыркүйектен бастап, мегаполисте "қызыл" аймақ режимінде жұмыс істейді: Ashyq жобасының қатысушылары - 00.00-ге дейін, көшбасшылары - 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілердің "жасыл" мәртебесі болған жағдайда.
 
Қаулының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.
 
Бұған дейін Алматы әкімі қаладағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғаны туралы хабарлады. Сырқаттанушылық деңгейін төмендеу үрдісі байқалады. Бүгінгі таңда алматылықтардың тәуліктік тіркелуінің төмендеуі байқалады.
 
2 қыркүйектегі 23.59 жағдай бойынша Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесімен коронавирустың 803 601 жағдайы расталды. Өткен тәулікте коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 4 930 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде Алматыда - 1 287.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны