10.10.2024, 12:56 44831

Алматыда кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Алматыда кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
12-13 қазанда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жәрмеңкеге Алматы мен Абай облыстарының ауылшаруашылық өндірушілері мен фермерлер қатысады.

Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.

Өнімнің жалпы көлемі 300 тонна құрайды, оның ішінде:

* Ет өнімі - 100 тонна;

* Жеміс-көкөніс өнімі - 100 тонна;

* Сүт өнімі - 30 тонна;

* Балық өнімдері - 10 тонна;

* Өзге өнімдер - 60 тонна.

Жәрмеңке өтетін орын - Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.

Құрметті автокөлік иелері!

Ауылшаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі учаскедегі Сәтбаев көшесінің бір бөлігі 11 қазан сағат 20:00-ден 13 қазан сағат 20:00-ге дейін жабылады.

Бұдан басқа, №45, №95 және 121 бағыттардың сызбаларына өзгерістер енгізіледі. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және өз бағыттарыңызды алдын ала белгілеп алуды өтінеміз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны