05.01.2022, 03:55 7406

АЛМАТЫДА КОМЕНДАНТТЫҚ САҒАТ ЕНГІЗІЛДІ

АЛМАТЫДА КОМЕНДАНТТЫҚ САҒАТ ЕНГІЗІЛДІ
Сурет: бейнеден кадр
АЛМАТЫ. 5 ҚАҢТАР - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "2022 жылғы 5 қаңтарда Алматы қаласында төтенше жағдай енгізу туралы" Жарлығына сәйкес, Алматыда коменданттық сағат 23 сағат 00 минуттан 7 сағат 00 минутқа дейін енгізілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Алматыда ТЖ кезінде комендатураны полиция бастығы Қанат Таймерденов басқарады.
 

Төтенше жағдайдың кезеңінде Алматы қаласының комендатурасы құрылып, оған "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген өкілеттіктер берілсін. Алматы қаласының коменданты болып Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Даниярұлы Таймерденов тағайындалсын", - делінген Жарлық мәтінінде.

 
Сонымен қатар, Төтенше жағдай режимі кезінде қолданылатын шаралардың іске асырылуына жауапты болып Алматы қаласының комендатурасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі белгіленді.
 

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры осы Жарлықта белгіленген шаралар мен уақытша шектеулерді іске асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етсін. Қазақстан Республикасының Үкіметі төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қажетті қаражатты бөлсін", - делінген Жарлықта.

 
Төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде мынадай шаралар мен уақытша шектеулер енгізілді:
 
- қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтіледі. Алматы қаласында жүріп-тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер белгіленеді;
 
- жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етіледі;
 
- Алматы қаласына кіру, сондай-ақ одан шығу шектеледі. Бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады. Ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынады;
 
- қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режим белгіленеді. Жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз етіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны