20.03.2025, 16:30 4126

Алматыда әлеуметтік сала және білім беру қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға өседі

Алматыда әлеуметтік сала және білім беру қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға өседі
Алматыда әлеуметтік сала және білім беру қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға өседі, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.

2025 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әлеуметтік сала және білім беру қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға өседі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова мәслихаттың XXVIII сессиясында мәлімдеді.

Кімдердің жалақысы көтеріледі? Есепшілер, кітапханашылар, психологтар, логопедтер, әлеуметтік қызметкерлер және техникалық қызметкерлер. Жалпы, 20 314 қызметкер бұл өсімнің игілігін көреді.

Сонымен қатар, депутаттар алғаш рет медицина қызметкерлерін қоспағанда, 1 632 әлеуметтік қызметкерге 30%-дық ынталандыру үстемеақысын бекіту туралы ұсынысты қолдады.

Жаңартылған бюджет аясында әлеуметтік салаға бөлінетін шығындар қала бюджетінің 40%-ын алады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны