31.05.2021, 20:28 17660

Алматыда құрылыс салушылар салынып жатқан аудандарды көгалдандыруға міндеттелді

Халықтың тығыздығы кварталды құрылыс барысында 1 гектарға 440 адамнан аспайтын болып есептеледі, ал тарихи орталықтағы құрылыста гектарына 300 адамнан аспауы тиіс
АЛМАТЫ. 31 МАМЫР - Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлаудың жаңа ережелеріне сәйкес құрылыс салушылар салынып жатқан аудандарды көгалдандыруға және оларда мектептер мен балабақшалардың болуын ескеруге міндетті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Алматының Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджановтың айтуынша, жаңа құрылыс ережелерінде мегаполис аудандарын көгалдандыруға ерекше назар аударылған.
 

Жаңа ереже бойынша кез-келген кварталды көгалдандырудың жалпы аумағы бір адамға шаққанда кемдегенде 10 шаршы метр, ал құрылыс алаңында білім беру мекемелері қадамдық қолжетімді, мысалы, мың адамға шаққанда мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде кемінде 100 орын, ал мектептерде кемінде 180 орын болуы тиіс", - деді А. Ахмеджанов.

 
Жаңа ережелер бойынша құрылыс жобалары қоғамдық талқылаудан өтуі және республика аумағында қолданылатын нормативті-техникалық талаптар әрі қаланың Бас жоспары мен құрылыс жүргізу барысында сейсмикалық шағынаудандыруды ескеру талаптары сақталуы тиіс.
 
Халықтың тығыздығы кварталды құрылыс барысында 1 гектарға 440 адамнан аспайтын болып есептеледі, ал тарихи орталықтағы құрылыста гектарына 300 адамнан аспауы тиіс.
 
Бұл жағдайда тығыздықты бірмезгілдіктік шарттарды сақтай отырып, 20%-ға арттыруға болады, олар мыналар:
 
- жеткілікті инженерлік инфрақұрылымның болуы;
 
- көлікке қолжетімділік, жерасты және (немесе) көпдеңгейлі т паркингтер;
 
- салынған және жапсарлас салынған балабақшалар мен мектепке дейінгі мекемелер;
 
- жер сілкінісі кезінде жиналуға арналған орындар мен қадамдық қашықтықта нормативтік қауіпсіздік аясындағы жасыл аймақтар;
 
- жаяу қашықтықтағы орта мектептердегі орындармен қамтамасыз етудің жеткілікті деңгейі;
 
- 500 метрден аспайтын радиуста күнделікті қызмет көрсету нысандарының болуы;
 
- халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында нормативтік-құқықтық актілерге және азаматтық қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес және тұрғындарға шаққанда үй жанындағы аумақтың 10 шаршы метр (тұрмыстық және рекреациялық қажеттіліктерге арналған алаңдарды, автотұрақтарды, абаттандыру мен көгалдандыруды ескере отырып) болуы сақталуы тиіс.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны