27.10.2023, 22:00 132161

Алматыда Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді

Алматыда Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді
Сурет: gov.kz
2023 жылғы 28-29 қазанда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданы мен Өскемен қаласынан шаруа қожалықтарының қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

2023 жылғы 28-29 қазанда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданы мен Өскемен қаласынан шаруа қожалықтарының қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде 50-ден астам өнім түрлері (ет, сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майы және т.б.) ұсынылады. Өнімнің жалпы көлемі - 200 тонна, оның ішінде ет - 35 тонна, жеміс - көкөніс - 70 тонна, сүт - 15 тонна, бал - 50 тонна, балық - 5 тонна, өзгелері - 25 тонна.

Өтетін орны: Шевченко көшесіндегі "Шоқан Уәлиханов" алаңы, Қонаев көшесі мен Пушкин көшесінің арасында.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны