31.10.2023, 12:36 126966

Алматыда Әйтеке би көшесін ұзарту жұмыстары аяқталды

Әйтеке би көшесі Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейін ұзартылды
Алматыда Әйтеке би көшесін ұзарту жұмыстары аяқталды
Сурет: gov.kz
Алматыда Әйтеке би көшесін ұзарту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Алмалы ауданындағы көше-жол желісінің кептеліс деңгейін төмендету, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында Әйтеке би көшесінің Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейін ұзарту жұмыс жүргізілді.

Жол-құрылыс жұмыстары маусым айында басталып, ағымдағы жылдың қазан айында аяқталды. Ұзарту бойынша жұмыстардың аясында ұзындығы 142 м, жүріс бөлігінің ені 11,5 м, екі жағында тротуары бар жаңа жол салынды. Сондай-ақ, инженерлік коммуникациялар қайта құрылды және сыртқы жарықтандыру орнатылды.

Жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында Әйтеке би көшесінің ұзартылған бөлігінде шығыс бағытта көліктер тек оңға бұрыла алады. Ал батыс бағытта - тіке жүруге, оңға және солға бұрылу мүмкіндігі бар. Бүгінде аталған аумақта тиісті жол таңбаларын сызу және жол белгілерін орнату жұмыстары аяқталып, қозғалыс ашылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны