09.01.2023, 10:51 28746

Алматылықтарға қалың қар мен қатты аяз туралы ескертіледі

Кешігіп қалмас үшін көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден таңертең үйден алдын ала шығып, жылы киінуді сұрайды
Алматылықтарға қалың қар мен қатты аяз туралы ескертіледі
Сурет: pixabay.com
Алматы. 9 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда қалың қар жауып, -25 градус аяз болады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы екі тәулік бойы Алматы қаласында қалың қар жауып, ауа температурасы түнде -18, күндіз -15 градусқа дейін төмендеп, күн суытады.

Одан кейінгі күндері 25 градусқа дейін қатты аяз болады.

Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасысының мәліметінше, қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Өндірістік базаларда тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылған.

Көктайғаққа байланысты жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арқашықтықты ұлғайтуға кеңес береміз. Ал жаяу жүргіншілердің тротуарда жүргенде абай болуын сұраймыз. Құрметті қала тұрғындары, жол жүргенде абай болып, өміріңізге қауіп төндірмеңіздер", - деп атап өтті Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.


Дәл қазіргі уақытта Алматыда жауын жауып тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты 60-тан астам автожол учаскесі жабылды.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны