08.11.2023, 15:53 35441

Алматының базарларында орындарды заңсыз жалға алу сызбасы анықталды

Пайда табу үшін меншік иелері павильондарды жалға заңсыз берген әрі олардың заңсыз екенін жасырған
Алматының базарларында орындарды заңсыз жалға алу сызбасы анықталды
Сурет: gov.kz
Алматы базарларының аумағындағы заңсыз құрылыс алаңы- шамамен 350 шаршы метр. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша жоспардан тыс жүргізілген тексерулердің нәтижелері базарлардың меншік иелері құрылыс жүргізуге тіпті жер учаскелеріне рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан, жалпы сауда алаңын заңсыз ұлғайта отырып, сауда павильондарын тұрғызғанын көрсетті.

Пайда табу үшін меншік иелері павильондарды жалға заңсыз берген әрі олардың заңсыз екенін жасырған. Бүгінде жұмыс істеп тұрған 60 базардың ішінен 37 базардың заңсыз екені анықталды, оларға әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданды.

Сонымен қатар, заңсыз павильондар салу есебінен базарлардың жалпы сауда алаңы едәуір ұлғайған.

Осылайша, бірқатар базарлардың меншік иелері заңсыз павильондар есебінен жалпы сауда алаңын орта есеппен үштен бірге ұлғайтқан.

Қазіргі уақытта "Бак орда" және "Көтерме сауда" базарлары бойынша заңсыз салынған сауда объектілерін сүру басталды. Тағы 30 базар бойынша сот органдарына талап-арыздар берілетін болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны