31.10.2023, 12:40 127086

Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті

Алматы қаласында 31 қазан күні сағат 11:30-дан бастап жауған жаңбыр кешке дейін жалғасады деп болжануда
Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті
Сурет: gov.kz
Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Алматы қаласында 31 қазан күні сағат 11:30-дан бастап жауған жаңбыр кешке дейін жалғасады деп болжанып отыр.

Арық арқылы судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету үшін 39 патрульдік бригада жұмылдырылды. Су тасқынының алдын алу және жою үшін барлығы 199 бірлік арнайы техника, 22 мотопомпа және 761 жұмысшы кезекшілікке шықты. 1850 қап құм жиналды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел кезекшінің ақпаратынша, су тасқыны тіркелген жоқ.

Аудан әкімдіктерінде жағдайды бақылау үшін кезекшілік ұйымдастырылды. Алматы қаласындағы "Қазгидромет" РМК болжамынша, 31 қазан күні кешке дейін орташа жауын-шашын мөлшері 12 мм болады, ауа температурасы бүгін күндіз +14 градус, түнде +6-ға дейін төмендейді. Ертең +12 градус.
 
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны