13.11.2024, 19:29 55576

Астанада АИТВ мен ЖИТС-тің алдын алу айлығы басталды

Жыл сайын 1 желтоқсанда әлемде ЖИТС-пен күрес күні өткізіледі. Бұл күндері денсаулық сақтау, азаматтық қоғам, түрлі ведомстволар АИТВ-инфекциясының таралуының алдын алу бойынша тиімді іс-қимыл жасау үшін бірігеді. Осы жұмыс аясында елордада аталмыш дерт түрлерінің алдын алу бойынша "Дұрыс жолды - адам құқықтарының жолын таңдаңыз" айлығы басталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Осы жылдың тоғыз айында елордада АИТВ-инфекциясының 327 жаңа жағдайы анықталды. Олар: 75,2 пайызы - ерлер, 24,8 пайызы - әйелдер, 62,4 пайызы - 20-39 жас аралығында.

Дүниежүзілік науқан аясында 1 қарашадан 1 желтоқсанға дейін Астанада бірқатар іс-шара өткізіледі.

Осылайша, бір ай ішінде медицина қызметкерлерінің, азаматтық белсенділердің, білім беру ұйымдарының, ведомстволық органдардың қатысуымен АИТВ-инфекциясының алдын алу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы хабардарлықты арттыру бойынша түрлі іс-шаралар өтіп жатыр.

Адамдар көп жиналатын орындарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, базарларда, теміржол вокзалдарында, әуежайда, сондай-ақ өзге өңірлерден келген қала қонақтары үшін АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша мамандардың консультацияларымен АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу өткізілетін акциялар өтеді.

Елордада халықтың барлық топтарының АИТВ-ның алдын алу және емдеу қызметтеріне сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша түрлі шаралар қабылданып жатыр.

сылайша, медициналық ұйымдарда қызмет көрсетумен қатар, халық инвазивті емес экспресс-тестерді қолдана отырып, АИТВ-ға тестілеуден өтіп, ЖИТС-сервистік үкіметтік емес ұйымдарда кеңес ала алады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны