11.10.2024, 15:00 59891

Астанада қарттар күніне орай зейнеткерлер үшін спорттық флешмоб ұйымдастырылды

Астанада қарттар күніне орай зейнеткерлер үшін спорттық флешмоб ұйымдастырылды
Астанадағы Арбатта зейнеткерлер үшін "Салауатты өмір салты үшін" спорттық флешмобы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Флешмоб Халықаралық қарттар күніне және Сарыарқа ауданының ардагерлер кеңесінің 20 жылдығына арналған. Іс-шараны аудан әкімдігі аппаратының қолдауымен ұйымдастырылды.

Мақсаты - қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлау. 100-ден астам зейнеткер фитнес нұсқаушының жетекшілігімен спортпен айналысып, іс-шараның атмосферасын сезінді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ауқымды шара қалада жыл сайын өткізіледі.

Ауқымды флешмобтарды өткізе отырып, біз адам жасының белсенді және дені сау өмір салтына кедергі емес екенін көрсетуге тырысамыз. Ардагерлеріміз - төзімділік, энергия және өмірлік күштің үлгісі. Біз олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасай алатынымызды мақтан тұтамыз. Мұндай іс-шаралар жыл сайын өткізіліп отырады", - деді Сарыарқа ауданы әкімдігі аппаратының бөлім басшысының міндетін атқарушы Дамир Хисматуллин.


Тренингтен кейін шығармашылық ұжымдар концерттік нөмірлерін ұсынды: "Әжелер Шаңырақ" этномәдени ансамблі, татар-башқұрт мәдениет орталығы "Таң", "Ивушка" вокалдық тобы және басқа да ұжымдар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны