24.01.2025, 16:03 8001
Астанада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды
Достарға айту
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 24 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
24.01.2025, 16:41 6306
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында италиялық профессордың шеберлік сабағы өтті
Достарға айту
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында италиялық профессордың шеберлік сабағы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылдың 24 қаңтар күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Милан музыкалық консерваториясының академиялық вокал кафедрасының профессоры, баритон Деметрио Колачи (Италия) "Бельканто техникасы және опера партияларын интерпретациялау" тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Маэстро Деметрио Колачи - әлемнің жетекші сахналарында өнер көрсеткен, оқытушылық қызметпен айналысқан танымал орындаушы және педагог. Оның шеберлік сабақтары әлемнің түкпір-түкпірінен келген музыкалық оқу орындарының студенттері арасында зор сұранысқа ие, өйткені профессор тек техникалық дағдыларды ғана емес, музыкалық интерпретацияны терең түсінуді де үйретеді.
Алматыда өткен шеберлік сабағы академиялық вокалдың қыр-сырын және әйгілі опералардағы басты партияларды орындаудың ерекшеліктерін талқылауға арналды. Аталмыш іс-шара консерваторияның вокалдық өнер кафедрасының студенттері мен магистранттарына және оқытушыларына вокалдық техника мен орындаушылық шеберліктерін шыңдауға арналған. Қатысушылар дауыспен жұмыс істеу, тыныс алуды дұрыс қою және ән айту техникасының ерекшеліктерін әлемдік деңгейдегі маманмен бірге жұмыс жасау арқылы машықтанды.
Кездесу маэстроның Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен табысты ынтымақтастығының жалғасы болып табылады. Бұл 2024 жылдың мамыр айында вокалдық өнер кафедрасының студенттерімен өткізілген екі күндік интенсивті сабақтардан басталған болатын. Деметрио Колачидің сабақтарына қатысқан студенттер мен оқытушылар оның кәсібилігі мен педагогикалық әдістеріне таңданушылықпен жоғары баға берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.01.2025, 18:59 20161
Астанада картоп сатуға шектеу енгізілді
Достарға айту
Астанада картоп сатуға шектеу енгізілді, деп хабарлайды Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан.
Астанада картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Картоп жетіспеушілігі жоқ. Өнім қаланың сауда желілері мен базарларының сөрелерінде жеткілікті көлемде ұсынылған, ал оның қорлары уақытылы толықтырылуда.
Өнімді көтерме бағада сатып алуды болдырмау мақсатында "Small" және "Spar" желілерінің сауда нүктелерінде картопты бір адамға 5 килограмнан артық сатуға уақытша шектеу енгізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.01.2025, 12:25 24241
Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледждің 1-2 курс студенттері онлайн форматқа ауыстырылды
Достарға айту
Астанада ауа райына байланысты мектеп оқушылар мен колледждің 1-2 курстың студенттері онлайн форматқа көшірілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген Білім басқармасының хабарламасында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.01.2025, 10:44 39446
Қазақстанда көпбалалы отбасылар мен аналар қандай жәрдемақы алады
Достарға айту
2024 жылы көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 818,1 мың отбасы жалпы сомасы 546,3 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 579,5 мың отбасыға 474,1 млрд теңге мөлшерінде; наградталған анаға берілетін жәрдемақы 238,5 мың адамға 72,1 млрд теңге мөлшерінде төленді, деп мәлім етті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:
- 4 баласы бар отбасыларға - 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
- 5 балаға - 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
- 6 балаға - 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
- 7 балаға - 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға - әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшерінде төленді.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:
Күміс алқа" алқасымен наградталған аналарға - 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға - 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқанын атап өтеміз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2025, 16:09 45146
Алматыда екі күн қалың қар жауады
Достарға айту
22 қаңтарға қараған түннен бастап екі тәулік ішінде Алматыда қар жауады, кейде қатты жауады деп болжануда, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Көктайғақ күтіліп, ауа температурасы төмендейді:
• 22 қаңтар түнде -7-ден -9°С-қа дейін, күндіз 0-ден -2°С-қа дейін;
• 23 қаңтар түнде -15-тен -17°С-қа дейін, күндіз -5-тен -7°С-қа дейін.
Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшуде. Өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. 204 құм таратқыш қар жауа бастағанға дейін орналасқан жерлерінде кезекші болады.
Негізгі магистральдық көшелер алдын-ала сұйық реагенттермен өңделеді. Тәулік бойы 624 бірлік арнайы техника мен 1380 жол жұмысшысын тарту жоспарлануда.
Бұдан басқа, жолдардың қауіпті учаскелерінде, түсулерде, көтерілулерде, жол айрықтарынан шығатын жолдарда қар көшкіндерінің уақтылы алдын алу және жою үшін 47 жедел бригаданың күшімен жол жамылғысының жай-күйін патрульдеу жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады.
Болжамды мұздануға, жолдардың жүріс бөлігіндегі қардың жайылуына, тротуарлардағы көктайғаққа байланысты автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттыруға және өткір маневрлерден аулақ болуға кеңес береміз.
Аудандық әкімдіктерде қар тазарту жұмыстарына тәулік бойы мониторинг жүргізу үшін штабтар ұйымдастырылды.
Құрметті жаяу жүргіншілер!
Тротуарларда абай болыңыз, шатырлардан қар мен мұздың түсу қаупіне байланысты көпқабатты ғимараттардан алшақ жүрген жөн.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2025, 11:12 48986
Астанада ұшу-қону жолағының жабылуына байланысты әуе рейстері кешіктірілуде
Достарға айту
2025 жылғы 21 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 8:33-тен 10:33-ке дейін Астана әуежайының ұшу-қону жолағы қолайсыз ауа райы және техникалық қызмет көрсетуге байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметінен.
Ұшу-қону жолағын қардан тазалап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әуежай аумағында 10 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі уақытта жоспарланған 70 рейстің 6-ы кешіктіріліп, күтілетін 68 рейстің 14-і де кешігуде. Барлық кешігулер ауа райы жағдайы мен аэродромға техникалық қызмет көрсетуге байланысты.
Жолаушылар рейстердің жай-күйі мен кестедегі өзгерістер туралы ақпаратты әуежайдың ресми сайты www.nn-airport.kz арқылы немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығынан: 8 (7172) 702-999 біле алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2025, 09:06 49226
Бүгін Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды
Достарға айту
Бүгін Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Kazinform.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 21 қаңтарда Алматы қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы болуы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.01.2025, 15:00 68411
Астанада насыбай және шегілмейтін темекі өнімдерінінің заңсыз сатылуы бойынша рейд жүріп жатыр
Достарға айту
Астанада шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сатуды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Осындай тексеру іс-шарасы Сарыарқа ауданындағы дүкендерде жүргізілді. Оған аудан әкімдігі, аудандық полиция басқармасы, сондай-ақ елордалық белсенді жастар қатысты.
Ең алдымен шағым көп түсетін аумақтар тексеріледі. Мысалы, ескі темір жол вокзалы аумағы. Мұндай іс-шаралар күнделікті жүргізіледі.
2024 жылы қалада шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату бойынша 70 жағдай анықталды. Кәсіпкерлерге 3 млн теңгеден асатын мөлшерде айыппұл салынды.
Рейдтер барысында Республика, Жеңіс даңғылы, Гете, Ә.Молдағұлова, Ы. Дүкенұлы көшелері және т.б. қамтылды.
Егер рейдтік іс-шара кезінде насыбай сатқан тұлғалар анықталса, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде қарастырылған жаза қолданылады және насыбай тәркіленетін болады. Ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады", - деді Сарыарка ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы Ғалымжан Кәбір.
Шегілмейтін темекі өнімдерін тұтынуды алдын алу мақсатында Астана қаласы бойынша жұмыс тобы құрылды. Қаланың барлық ауданында бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Айта кетейік, рейдтер Астананың барлық алты ауданында жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
24.01.2025, 14:51Қазақстанда балаларды қорғау үшін қандай заңдар қабылданды 24.01.2025, 15:05 135512024 жылы ардагерлерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 16 млрд-тан астам теңге төленді24.01.2025, 15:11 133011 тамыздан бастап Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады24.01.2025, 15:14 13056Қазпошта алғаш рет әлемнің ТОП-50 пошта операторларынң қатарына кірді24.01.2025, 16:20 10511Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті
17.01.2025, 11:51 102161Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы тағайындалды17.01.2025, 12:03 1019262024 жылы 13,5 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды17.01.2025, 11:17 820712024 жылы 413 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді17.01.2025, 11:14 71516Қызылорда облысында жаңадан су қоймасы мен каналдар салынады17.01.2025, 11:11 71376Таразда көптеген заң бұзушылықтар анықталған қайырымдылық мектебі жабылды
30.12.2024, 17:17 154171Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 148316Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 147986Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 147516Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 137411Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті