17.01.2025, 11:51 13471
Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы тағайындалды
Достарға айту
Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергеновтің төрағалығымен өткен жиында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаментінің жаңа басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымына тағайындалған Нұрсұлтан Сейдалиев таныстырылды. Жиынға Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов қатысты, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Салауат Мүксімов өз сөзінде Нұрсұлтан Сейдалиевтің мемлекеттік қызмет саласындағы көпжылдық тәжірибесін және басқарушылық қабілетін атап өтіп, оның жаңа қызметте облыстағы мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуға үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.
Өз кезегінде Нұржан Құдайбергенов жаңа басшыға сәттілік тілеп, облыс әкімдігі тарапынан өңірдегі мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мен әдеп стандарттарын нығайтуға қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Нұрсұлтан Сейдалиев сенім білдіргені үшін алғыс айтып, өңірдегі мемлекеттік қызметті дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және этикалық нормаларды сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын мәлімдеді.
Шара барысында қатысушылар Нұрсұлтан Сейдалиевтің тағайындалуы өңірдегі мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға серпін беретініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.01.2025, 12:03 12871
2024 жылы 13,5 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
Достарға айту
2024 жылдың қорытындысы бойынша 13 568 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем (бұдан әрі - АӘТ) тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 14 322 адам өтініш білдірген, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 3 205 адам жүгінді, оның ішінде 3 093 адамға тағайындалды.
Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 11 117 адам өтініш білдіріп, оның 10 475-іне тағайындалған.
Сондай-ақ, 230 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтуде, 34 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 490 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды.
Өңірлер бойынша арнаулы әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды (2 көзден - 547 адам, 4 көзден - 1 878 адам), Қостанай (2 көзден - 343 адам, ал 4 көзден - 1 146 адам) және Шығыс Қазақстан (2 көзден - 288 адам, ал 4 көзден - 1 162 адам) облыстарында тіркелген.
Бұрын хабарланғандай 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.
Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі - БЖЗҚ) кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарттар болып табылады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады.
БЖЗҚ деректері бойынша арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін міндетті шарттарды ескере отырып, оған 2024 жылы 37 мыңнан астам жұмыскер үміткер бола алды, жалпы төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асты. Әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері БЖЗҚ-дағы жинақтарына байланысты болады.
Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс берушілер кәсіптері мен қызмет түрлері Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің тізбесіне енгізілген жұмыскерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады, олардың 2,3 мыңнан астам позициясы бар. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлемді экономиканың 17 саласында, оның ішінде тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде және өзге де салаларда жұмыс істейтін қазақстандықтар ала алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.01.2025, 11:17 14171
2024 жылы 413 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Достарға айту
2024 жылдың қорытындысы бойынша 78,1 мың отбасындағы 413,7 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) тағайындалды. Осы мақсатқа бюджеттен 39,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты - ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 129,5 мың балаға 5,4 млрд. теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың медиандық кірісінен айқындалады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп Отбасының цифрлық картасының деректері бойынша тоқсан сайынғы медиандық кіріс мөлшеріне есептеулер жүргізді. Олардың нәтижелері бойынша кедейлік шегі медиандық кірістің 35% деңгейінде, бірақ қазіргі деңгейден төмен емес, яғни өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде айқындалған
Кедейлік шегін анықтауда медиандық кірісті енгізу атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінің азаюына әкелмейтінін атап өту маңызды. Сонымен қатар, АӘК алушылар саны 755 отбасына немесе 3,8 мыңнан астам адамға өсуі мүмкін деп болжануда.
Сонымен қатар 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап АӘК-ке үміткер азаматтардың шығыстарын есепке алу тетігін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.
Қаражат қозғалысы туралы ақпаратты жинау өтініш берушіден және оның отбасы мүшелерінен мемлекеттік органдар мен екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері арқылы келісімді алғаннан кейін ғана жиынтық түрде жүзеге асырылады. Егер банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының мөлшері кедейлік шегінен аспаса, онда АӘК қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағайындалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.01.2025, 11:14 14406
Қызылорда облысында жаңадан су қоймасы мен каналдар салынады
Достарға айту
Су ресурстары және ирригация министрлігі Қызылорда облысына жаңадан су қоймасы мен каналдар салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Бұдан бөлек, 2 су торабы мен 4 гидротехникалық құрылысқа реконструкция жасалады. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов аймақтың су шаруашылығы өкілдерімен кездесті.
Ведомство басшысы министрліктің негізгі бағыттар бойынша атқарған жұмысы туралы баяндады. Бүгінгі таңда, Қызылорда облысында жалпы ұзындығы 232 шақырымға жуық 5 каналда суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орната отырып, су жинау станцияларын реконструкциялау жобасы іске асырылып жатыр. Оған қоса, ұзындығы 2600 шақырымнан асатын 16 магистральдық және шаруашылықаралық арналарды автоматтандыру үшін жобалау- сметалық құжаттама әзірленуде.
Облыста су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша да жұмыс жалғасуда. Мәселен, өткен жылы Қызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді.
Көршілес елдермен екіжақты және үшжақты келіссөздер мен қабылданған шешімдердің нәтижесінде 2024 жылы Шардара су қоймасына 15 млрд текше метрден астам су келді. Оның 4,8 млрд текше метрі суару кезеңінде, ал 10,3 млрд текше метрі вегетацияаралық кезеңде жиналды. Қаратерең су бекеті арқылы Солтүстік Аралға 2,6 млрд текше метр су жіберілді. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2022 жылы Аралға бар болғаны 816 млн текше метр су жіберілген еді" ,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.01.2025, 11:11 14646
Таразда көптеген заң бұзушылықтар анықталған қайырымдылық мектебі жабылды
Достарға айту
Тараз қаласы прокуратурасының шаралары бойынша білім беру ұйымының заңсыз қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Балалардың құқықтарын қорғау - прокуратураның тұрақты бақылауында.
2024 жылы Тараз қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандармен жұмыс атқаратын білім беру мекемелерінің қызметіне тексеру жүргізді.
Нәтижесінде "Бәйдібек" қайырымдылық мекемесі 2023 жылдан бастап білім беру қызметін тиісті лицензиясыз жүзеге асырғаны анықталды.
Аталған мекемеде санитарлық-эпидемиологиялық, көші-қон, өрт-техникалық, Еңбек және сәулет-құрылыс нормалары бұзылып, 36 бала білім алған.
Бұзушылықтар бойынша Тараз қаласының прокуроры Жамбыл облысының мамандандырылған экономикалық сотына заңды тұлғаны тіркеудің күшін жою туралы талап қою енгізді.
2024 жылы 8 қазанда Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен аталған мекеменің қызметін тоқтату, тарату және есептік тіркеуден шығару туралы шешімі шығарылған.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.01.2025, 18:57 29306
Бектенов техникалық мамандарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын кеңейтуді тапсырды
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатында айтқан тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс барысы қаралды. Кеңеске Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, "Отбасы банк" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басшылығы қатысты.
Отбасы банкін" даму институтына айналдыру және саланы одан әрі дамыту үшін жеке қаражатты тарту жөніндегі жұмысты жандандыру тәсілдері, сондай-ақ жеңілдікті бағдарламаларды қаржыландыру, оның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерін қолдау және жаңа өнімдерді шығару бойынша ұсыныстар талқыланды. Бүгінде "Қаражанбасмұнай", "Шұбаркөл көмір", "Еуроазияттық энергетикалық корпорация", "ССКӨБ", "Қазхром" ТҰК", "Қазақстан алюминиі", "Қазақстан электролиз зауыты" сияқты ірі кәсіпорындар және басқа да ұйымдармен жұмысшы кәсіп мамандары отбасыларының тұрмысын жақсарту жұмыстары басталды.
Премьер-министр Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарға арналған ипотекалық және жалға берілетін жеңілдікті тұрғын үй бағдарламасын кеңейту қажеттігін атап өтті. Банктің трансформациясы оның "бір терезе" қағидаты бойынша мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмысын күшейтуге және жалпы алғанда еліміздің экономикасын дамытуға бағытталған.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректері бойынша, 2024 жылдың қорытындысында Қазақстанда рекордтық 18,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға артық. Саланың нақты көлем индексі бір жылда 113,1%-ды құрады. 2029 жылға қарай 111 млн шаршы метрге жеткізу жөніндегі Президент қойған міндеттерді орындау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде азаматтарға жалға берілетін, несиелік баспанамен қамтамасыз етуі, "2-10-20", "5-10-20" және басқа да бағдарламалар іске асырылуда. 2024 жылы "Отбасы банкі" 1,29 трлн теңге сомасында 71 452 несие берді, оның 39,8%-ы бастапқы тұрғын үй сатып алуға арналған. "Отау" және "Наурыз" бағдарламалары бойынша жалпы 251,9 млрд теңгеге 10 003 қарыз берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.01.2025, 18:45 29821
Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті
Достарға айту
Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шартының мерзімінің аяқталуына байланысты "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті. 2025 жылдың 7 қаңтарында мерзімі аяқталған сенімгерлік басқару шарты 2023 жылдың 7 қарашасынан басталған.
Елордалық әуежай акцияларының иесінің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен "Terminals Astana Airport Management" ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасуға дайындық жүріп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.01.2025, 11:53 39361
2024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 683 мыңнан аса адам қамтылды
Достарға айту
2024 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 683,7 мың қазақстандық қатысты. 546,9 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 358,8 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 188,2 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 15,5 мың адам, жастар практикасында 33,3 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 110 мың адам, "Алғашқы жұмыс орны" жобасы аясында 9,6 мың адам, "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы аясында 420 адам, "Күміс жас" жобасы аясында 19,2 мың адам жұмыспен қамтылды.
Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 57,7 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 52,4 мыңы оқуды аяқтады.
Сондай-ақ, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 60,3 мың адам қамтылды, оның ішінде 37,8 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.
Қызмет саласын таңдау мақсатында 214,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.
Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 476 800 теңге) мөлшерде 8 941 грант берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.01.2025, 10:01 32241
Атырау облысында 1,8 млн дана балық шабағы құтқарылды
Достарға айту
Атырау облысындағы Бақсай каналында балық шабақтарының жиналу фактісі анықталды.
2025 жылғы 15 қаңтар сағат 19:00-дегі жағдай бойынша 1,8 млн-нан астам шабақ құтқарылды. Тірі шабақтар аталған каналдан 55 шақырым жерде орналасқан Жайық өзеніне жіберілуде. Құтқару жұмыстарына 60 адам қатысуда, олардың қатарында әкімдік өкілдері, әскери қызметшілер, еріктілер және балық шаруашылығы субъектілері бар. Сондай-ақ, 12 бірлік техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Құтқару кезінде балықтардың мұзданудың салдарынан суда еріген оттегінің төмен болуына байланысты жартылай әлсіреген күйде болғаны анықталды. Жайық өзеніне жіберілгеннен кейін балықтардың қалпына келуі және белсенділігі байқалады.
Сонымен қатар, өлген шабақтарды жинау жұмыстары қатар жүргізілуде.
Жағдай ерекше бақылауға алынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.01.2025, 11:11Таразда көптеген заң бұзушылықтар анықталған қайырымдылық мектебі жабылды 17.01.2025, 11:14 14136Қызылорда облысында жаңадан су қоймасы мен каналдар салынады17.01.2025, 11:17 139012024 жылы 413 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді17.01.2025, 11:51 13201Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы тағайындалды17.01.2025, 12:03 126012024 жылы 13,5 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
14.01.2025, 16:08 69516Тоқаев қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полицейді "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапаттады14.01.2025, 13:28 62411Қазақстанда шетелдік маркетплейстердің қызметі реттеледі14.01.2025, 13:23 56211Алматының туризм саласынан түскен салық түсімдері 2 есеге артты14.01.2025, 13:18 53581Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығының" ашылу салтанатына келді15.01.2025, 13:42 47311Жамбыл облысында оқушы өлімі: үш оқушыға үкім шығарылды
30.12.2024, 17:17 152871Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 147006Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 146711Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 146241Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 136146Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті