17.01.2025, 11:11 14671

Таразда көптеген заң бұзушылықтар анықталған қайырымдылық мектебі жабылды

Тараз қаласы прокуратурасының шаралары бойынша білім беру ұйымының заңсыз қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.

Балалардың құқықтарын қорғау - прокуратураның тұрақты бақылауында.

2024 жылы Тараз қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандармен жұмыс атқаратын білім беру мекемелерінің қызметіне тексеру жүргізді.

Нәтижесінде "Бәйдібек" қайырымдылық мекемесі 2023 жылдан бастап білім беру қызметін тиісті лицензиясыз жүзеге асырғаны анықталды.

Аталған мекемеде санитарлық-эпидемиологиялық, көші-қон, өрт-техникалық, Еңбек және сәулет-құрылыс нормалары бұзылып, 36 бала білім алған.

Бұзушылықтар бойынша Тараз қаласының прокуроры Жамбыл облысының мамандандырылған экономикалық сотына заңды тұлғаны тіркеудің күшін жою туралы талап қою енгізді.

2024 жылы 8 қазанда Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен аталған мекеменің қызметін тоқтату, тарату және есептік тіркеуден шығару туралы шешімі шығарылған.

Сот шешімі заңды күшіне енді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны