11.11.2024, 11:44 26911
Астанада көшелерді тазалауға 1300-ден астам арнайы техника шықты
Достарға айту
Қардың мол болуына байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы ауысымдық режимде жұмыс істеп, қала көшелерін қардан тазартады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
1300-ден астам арнайы техника мен 2400-ден астам жол жұмысшы күндізгі ауысымда көшелерді қардан тазартуға шықты.
Ең алдымен, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды тұстар тазартылады. Сондай-ақ, орташа қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңы, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады.
Астанада бір апта ішінде 57 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 4595 жүк рейсін құрайды.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада 11 қарашада көшпелі бұлт, кейде қар, боран болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 2-4 аяз, күндіз одан әрі төмендейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.11.2024, 19:29 2616
Астанада АИТВ мен ЖИТС-тің алдын алу айлығы басталды
Достарға айту
Жыл сайын 1 желтоқсанда әлемде ЖИТС-пен күрес күні өткізіледі. Бұл күндері денсаулық сақтау, азаматтық қоғам, түрлі ведомстволар АИТВ-инфекциясының таралуының алдын алу бойынша тиімді іс-қимыл жасау үшін бірігеді. Осы жұмыс аясында елордада аталмыш дерт түрлерінің алдын алу бойынша "Дұрыс жолды - адам құқықтарының жолын таңдаңыз" айлығы басталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Осы жылдың тоғыз айында елордада АИТВ-инфекциясының 327 жаңа жағдайы анықталды. Олар: 75,2 пайызы - ерлер, 24,8 пайызы - әйелдер, 62,4 пайызы - 20-39 жас аралығында.
Дүниежүзілік науқан аясында 1 қарашадан 1 желтоқсанға дейін Астанада бірқатар іс-шара өткізіледі.
Осылайша, бір ай ішінде медицина қызметкерлерінің, азаматтық белсенділердің, білім беру ұйымдарының, ведомстволық органдардың қатысуымен АИТВ-инфекциясының алдын алу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы хабардарлықты арттыру бойынша түрлі іс-шаралар өтіп жатыр.
Адамдар көп жиналатын орындарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, базарларда, теміржол вокзалдарында, әуежайда, сондай-ақ өзге өңірлерден келген қала қонақтары үшін АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша мамандардың консультацияларымен АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу өткізілетін акциялар өтеді.
Елордада халықтың барлық топтарының АИТВ-ның алдын алу және емдеу қызметтеріне сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша түрлі шаралар қабылданып жатыр.
сылайша, медициналық ұйымдарда қызмет көрсетумен қатар, халық инвазивті емес экспресс-тестерді қолдана отырып, АИТВ-ға тестілеуден өтіп, ЖИТС-сервистік үкіметтік емес ұйымдарда кеңес ала алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.11.2024, 13:58 13311
"Үздік-2024": Астанада 25 жұмысшы мамандық арасында көшбасшылар анықталды
Достарға айту
Астанадағы Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледжінде "Үздік-2024" қалалық байқауының салтанатты жабылуы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Үздік" атағы үшін биыл 375 қатысушы бақ сынап, көшбасшыларды анықтау үшін 150-ден аса сарапшы жұмыс жүргізді.
Сайыс жұмысшы мамандықтар мен кәсіптерінің маңыздылығы мен беделін арттыру, кәсіптік оқытудың озық тәжірибесін насихаттау, жұмыс берушілердің назарын қаланың кәсіптік білім беру жүйесінде жұмысшы кадрларды даярлауға тарту және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жастарды Астана қаласы экономикасының нақты секторларына тартуға бағытталды.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, байқау биыл үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Бірақ колледж студенттері бұл жолы алғаш рет қатысуда. Былтыр қатысушылар 5 кәсіби құзыреттілік бойынша ғана сайысқа түссе, осы жылы 25 жұмысшы мамандық арасында бақ сынасты.
Қалалық байқау 20 күнге созылып, 10 кол¬леджде бірқатар жұмысшы мамандықтың көшбасшылары анықталды. Олардың ішінде құрылыс және жөндеу жұмыстары, аспаздық және кондитерлік өнімдер, мейрамхана қызметі, IT-шешімдер, шаштараз өнері, кәсіпкерлік, сондай-ақ педагогика және бала күтімі сияқты салалар бар.
Байқау қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған 75 қатысушы жеңімпаз атанып, алдағы уақытта WorldSkills-2025 қалалық чемпионатына қатысуға ұсынылды.
Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталып, үздіктерге сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы және колледждердің әлеуметтік серіктестері бағалы сыйлықтарды табыс етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.11.2024, 13:52 13561
Алматыда "Almaty Student's Week" фестивалі өтуде
Достарға айту
Алматыда 17 қараша Халықаралық студенттер күніне арналған ауқымды "Almaty Student's Week" фестивалі бастау алды. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өтуде, оның басты мақсаты - студенттердің қала өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, жас көшбасшыларды анықтау, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
11-17 қараша аралығында фестиваль аясында студенттерге арналған 30-ға жуық әртүрлі іс-шаралар өтеді. "Almaty Student's Week" фестиваліне қатысатын әрбір студент өз таланты мен көшбасшылық қасиеттерін көрсете алады. Сондай-ақ, жастарға басқа оқу орындарының студенттерімен байланыс орнатуға мүмкіндік беріп, жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізеді.
Фестиваль іс-шаралары студенттерге тәжірибе, идеялар және білім алмасуға арналған алаңдар ашып, болашақ бірлескен жобалар мен бастамалардың негізін қалайды. Бұл - студенттердің зияткерлік, спорттық, мәдени және қоғамдық салаларда өзін көрсетіп, өз дағдыларын нығайтып, өзін дамытуға бірегей мүмкіндік.
Almaty Student's Week" фестивалінің маңызды бөлігі - жастардың патриоттық рухын көтеру, бірлігін нығайту және қазіргі заманғы сын-қатерлерге дайын әлеуметтік белсенді және біртұтас студенттік қауымдастық құру.
Айта кетейік, Алматыда 35 жоғары оқу орнында 199 мыңнан астам студент білім алады, олардың 124 мыңнан астамы басқа өңірлерден келген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.11.2024, 11:24 15106
Мемлекеттік тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарлама аясында 2022-2023 жылдары 4100 пәтер берілді
Достарға айту
Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданындағы жұмыс сапары барысында әлеуметтік осал топтар (ХӘОТ) мен жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін пәтерлер қарастырылған жаңа "Alem City 3" тұрғын үй кешенін аралап көрді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Сапар барысында Ерболат Досаев мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы орта құрудың маңыздылығын атап, тұрғын үйлерге пандустар орнатуды тапсырды. Сонымен қатар, жаңа үйлерді уақытылы инженерлік желілерге қосып, жылу және сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге тапсырма берді.
Мемлекеттік тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2022-2023 жылдары коммуналдық тұрғын үй қорына ХӘОТ пен жұмыс істейтін жастарға бөлінетін 4100 пәтер берілді. 2024 жылдың соңына дейін қосымша 3150 пәтер сатып алу жоспарланып отыр, оның 2100-і ХӘОТ-қа, ал 1050-і жұмыс істейтін жастарға арналған.
Жұмыс істейтін жастарға үш жылға дейінгі мерзімге айына 7-15 мың теңге аралығында төлеммен жалға беру қарастырылған, алайда ұзарту немесе сатып алу мүмкіндігі жоқ. Осы кезеңде жалға алушы жастар кейіннен екінші деңгейлі банктер арқылы ипотекаға тұрғын үй сатып алу үшін депозитте қаражат жинауы керек.
Биылғы 10 айда 4828 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді, олардың ішінде: 1655-і кезекте тұрғандар үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан жалдамалы баспана алғандар; 2100-і жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана алғандар; 226-ы жылдық 2-5% жеңілдетілген несие беретін бағдарлама арқылы баспана алғандар; 847-ы "Алматы жастары" бағдарламасы аясында үйлі болғандар. Сондай-ақ, 187,3 млн теңге сомасына 160 тұрғын үй сертификаты берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.11.2024, 12:49 46666
Шымкентте жаңа туған нәрестелер "ана мен бала" дәрі қобдишасымен қамтамасыз етілді
Достарға айту
Шымкентте жаңа туған нәрестелер "ана мен бала" дәрі қобдишасымен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қалалық прокуратура перзентханаларда "ана мен бала" дәрі қобдишасын беру заңдылығына талдау жұмыстарын жүргізді (жаңа туған нәрестелерге ана мен баланың дәрі қобдишасын беру босандыру ұйымдарынан шығару кезінде жүзеге асырылады).
Талдау нәтижесінде үш мыңға жуық жаңа туған нәрестелерге перзентханалардан шығару кезінде қажетті дәрі қобдишасы берілмегені анықталды.
Қадағалау актісі негізінде 2763 нәрестенің аналары дәрі қобдишасымен қамтамасыз етілді, №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауаптылыққа және 5 медицина қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.11.2024, 12:35 46946
Астанада қар күреуге жүздеген жол жұмысшы мен техникалар жұмылдырылды
Достарға айту
Қаланың коммуналдық қызметтері ауысымдық режимде тәулік бойы күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Қар тазалау үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.
7 қарашада түнгі ауысымға қала көшелерін қардан тазартуға 200-ге жуық жол жұмысшы мен 300-ден астам арнайы техника шықты.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды тұстар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер - алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
Қазгидромет" РМК деректері бойынша, 8 қарашада Астанада көшпелі бұлт, қар, боран болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы - 9-14 м/с, екпіні - 15-20 м/с.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.
Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефонына хабарласыңыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.11.2024, 17:22 53926
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 158 мыңға жуық тапсырыс берді
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі - Еңбекмині) бастамасымен өткен жылы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жоба басталды. 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 157,9 мың рет көрсетілді, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінен.
2023 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 53,9 мың рет көрсетілгенін естеріңізге саламыз.
Бұдан бұрын хабарлағандай, инватакси қызметінің сапасы мен көрсету жылдамдығын арттыру мақсатында Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватакси беруді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі және т. б. мәселелер бар.
Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жобаға бастама жасалды.
Мұндағы басты шарт сапарлардың ақысынан пайыздың болмауы, олар әдетте агрегатор платформаларының пайдасына аударылатын. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.
Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы Инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде, жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатын секілді арнайы нұсқаулар алады.
Пилоттық жобаға алғашқы кезеңде Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдардың фокус-тобы қатысады.
Жоба 2024 жылы да жалғасуда, болашақта жаңа форматта қызмет көрсетуді мүгедектігі бар адамдардың басқа топтарына кеңейту және елдің барлық өңірлерінде масштабтау жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.11.2024, 17:14 53681
Екінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқытылады
Достарға айту
Ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Астана қаласының білім басқармасы 2024 жылдың 7 қарашасында ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары үшін қала мектептерінде сабақтар қашықтан оқыту форматына ауысатынын хабарлайды", - деп хабарлады Білім басқармасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.11.2024, 14:17Алматының тау бөктерінде ірі заңсыз нысан сүріліп жатыр 13.11.2024, 19:13 8826Үкіметте сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселесі қаралды13.11.2024, 19:18 8566Мемлекет басшысы СOP29 аясындағы Қазақстан павильонына барды13.11.2024, 19:21 8261Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Азық-түлік келісім шарт корпорациясының элеваторларына қосымша 177 мың тонна астық орналастыра алады13.11.2024, 10:55 6976Петропавлда 110 адам зардап шеккен қаржы пирамидасының мүшелері сотталды
08.11.2024, 13:42 113731Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады07.11.2024, 17:05 100361Алматыда кезекті нысан сот шешімі бойынша бұзылды07.11.2024, 17:00 99901Шымкентте құны 70 млн теңге болатын учаске мемлекетке қайтарылды08.11.2024, 13:35 88391Қазақстан мен АДБ Қызылорда - Жезқазған автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қояды08.11.2024, 10:19 78866Жыл басынан бері жалпы құны 900 млрд теңгеден астам актив мемлекет кірісіне қайтарылды
24.10.2024, 16:52 139201Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды23.10.2024, 16:04 135936Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде24.10.2024, 14:24 133316Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов23.10.2024, 21:06 128861Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады23.10.2024, 21:00 128716Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді