01.08.2024, 13:42 118141

Қазақстан халқының саны өсті

Қазақстан халқының саны бойынша жаңартылған деректер бүгін, 2024 жылғы 1 тамызда Ұлттық статистика бюросында ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707 адамды құрады, оның ішінде:

қала тұрғындары - 12 573 637 адам,

ауыл тұрғындары - 7 586 070 адам.

Жарты жылдың ішінде халық саны 125 867 адамға артты, оның ішінде табиғи өсім есебінен 118 579 адамға, көші-қон есебінен 7289 адамға өсті".


Ұлттық статистика бюросы

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Шымкент қалаларында, тиісінше 2,93% бен 1,38%, сондай-ақ Алматы қаласында тіркелді - 1,33%.

Бұған дейін 1 маусымда Қазақстанда 20 139 914 адам тұрғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны