22.07.2021, 22:52 10359

Қазақстанда бірінші компонентпен 5 млн-нан астам адам вакцинацияланды

2021 жылғы 22 шілдедегі мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 5 009 408 адам вакцина салдырды, II компонентпен 2 992 214 адам.
НҰР-СҰЛТАН. 22 ШІЛДЕ - 5 млн-нан астам адам Қазақстанда бірінші компонентпен вакцинацияланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылғы 22 шілдедегі мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 5 009 408 адам вакцина салдырды, II компонентпен 2 992 214 адам", - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде.

 
I компонентпен екпе алған адамдардың басым бөлігі Алматыда тіркелді - бірінші компонентпен 669 мыңнан астам адам егілді. Екінші орында Түркістан облысы - 515 мыңнан астам азамат егілді. Үшінші орында Алматы облысы - 513 мыңнан астам адам егілді.
 
Бірінші дозамен вакцинациямен қамтудың ең аз пайызы Маңғыстау облысында байқалады - 91 530 егілді.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Kazakhstan Today агенттігі оқырмандар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияға деген көзқарасы туралы сауалнама жүргізді. Агенттіктің сайтында оқырмандардан: "Сіз COVID-19-ға қарсы вакцина егу мүмкіндігіне қалай қарайсыз?" деген сұраққа жауап беруі сұралды. Респонденттердің 55%-ы вакцинацияға барады деп жауап берді. 31% "Жоқ, мен сенбеймін" деген жауапты таңдады. 11% COVID-19 ауруына шалдыққандықтан вакцинацияның қажеті жоқ деп санайды. Респонденттердің 3%-ы "Маған бәрібір" жауабын таңдады.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны