28.10.2022, 12:43 11421

Қазақстанда коронавирус ауруының 34 жағдайы тіркелді

28 қазанда КВИ-ден 766 адам ем алуды жалғастыруда.
Астана. 28 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 34 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 394 619 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 28 қазанда КВИ-ден 766 адам (624 КВИ+ және 142 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 80 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 686 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде – 2 пациент,
 
- аса ауыр халде – 4 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар.
 
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 842 360 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 603 795 адам вакцинацияланды. 5 602 662 адам ревакцинацияланды.
 
26 қазанда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы тіркелді. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны