26.11.2024, 18:30 781

Қазақстанда квотадан тыс және рұқсатсыз жұмыс істеуге рұқсат етілген шетелдіктердің санаттары өзгереді

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Жергілікті атқарушы органдардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесіне" өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінен.

Құжат 2024 жылғы 10 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Осы түзетулер шетелдік қатысудың үлесі жүз пайыз болатын заңды тұлғаларды құрушы шетелдік инвесторларды қоса алғандағы тұлғалар санатын нақтылауға бағытталған. Өзгерістерге сәйкес, мұндай заңды тұлғалардың бірінші басшысы мен оның орынбасары еңбек қызметін жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алмай жүзеге асыра алады.

Жоба мәтінімен және ұсынылған өзгерістермен "Ашық НҚА" порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15310429 сілтемесі бойынша танысуға болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны