26.12.2022, 12:33 14331

Қазақстанда пиротехникамен заңсыз сауда жасаудың ондаған фактілері анықталды

Саудагерлерден 1850 данадан астам сертификатталмаған пиротехникалық өнімі тәркіленген
Қазақстанда пиротехникамен заңсыз сауда жасаудың ондаған фактілері анықталды
Сурет: Алматы ?кімдігі
Астана. 26 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - 25 желтоқсанда Қазақстанда басталған "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатудың 75 фактісі анықталды, деп хабарлады ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әміржан Байғошев.

Әміржан Байғошевтің айтуынша, полиция қызметкерлері саудагерлерден 1850 данадан астам сертификатталмаған пиротехникалық өнімді тәркілеген.

Оның айтуынша, жаңа жылдық мерекелер қарсаңында елімізде "Пиротехника" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Оның мақсаты - базарларда сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды сату фактілерін анықтау және олардың жолын кесу.

26 желтоқсанда республика бойынша құрылған мобильді топтар базарларды, дүкендерді және басқа сауда орындарын, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды тасымалдаудың заңдылығын тексеру бойынша 400-ге жуық рейдтік іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша "Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау" бойынша пиротехникалық бұйымдарды заңсыз өткізудің 75 фактісі анықталды. Баптың санкциясында 25 АЕК немесе 76 575 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Бұзушылардан 1850 данадан астам сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді", деді Әміржан Байғошев.


Мәселен, елордалық сауда үйлерінің бірінің іргелес аумағында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактісі анықталып, 97 дана заңсыз өнім тәркіленді. Сатушыға қатысты 196-бап бойынша әкімшілік хаттама жасалып, айыппұл салынды.

Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны