10.01.2025, 16:02 3926

Қазақстанда 1,2 млн ауыл тұрғыны жылжымалы кешендерде медициналық көмек алды

Қазақстанда 1,2 млн ауыл тұрғыны жылжымалы кешендерде медициналық көмек алды
2024 жылы 3072 елді мекеннің 1,2 млн тұрғыны "дөңгелектегі емханалардың" көмегімен дәрігерлердің кконсультациялары мен диагностикалық ем-шараларға қол жеткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жылжымалы кешендердің көмегімен бейінді мамандар 1,2 млн. консультация, 656 мың диагностикалық, 333 мың зертханалық зерттеу жүргізді.

Зерттеп қарау нәтижесінде әртүрлі аурулары бар 95 мың пациент анықталды, оның 78,3%-ы ересектер, 21,7%-ы балалар. Кәсіптік тексеру қорытындысы бойынша 33,7 мың ауыл тұрғыны диспансерлік бақылауға алынды.

2024 жылы "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы 128 станцияның 104 мың тұрғынын, оның ішінде 21 000 баланы қамтыды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық.

Медициналық пойыздың мамандары 240 000 медициналық қызмет көрсетті, оның ішінде 12 500 стоматологиялық ем-шара, 25 000 зертханалық зерттеу, 8 000 шағын хирургиялық операция және 24 000 аспаптық және диагностикалық зерттеу жүргізді.

Қарап-тексеру барысында түрлі аурулары бар 5 500 пациент анықталып, оларға қажетті көмек көрсетілді.

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының шеңберінде ауылдық аудандарда медициналық инфрақұрылымды жүйелі жаңарту жалғасуда.


2024 жылы 460 нысанның құрылысы аяқталды, тағы 195 МСАК нысаны 2025 жылы тапсырылады.

Жаңа ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда және фельдшерлік-акушерлік пункттерде алғаш рет күндізгі стационарлар, амбулаториялық оңалту үшін физиотерапия кабинеттері, ауданнан тыс жерлерге бармай зерттеп-қараудан өту мүмкіндігімен зертханалық кабинеттер пайда болды.

Жабдықталған телемедициналық кабинеттерде ауылдық пациенттер облыстық және республикалық клиникалардың жетекші дәрігерлерінен қашықтықтан консультация ала алады. Телемедицина қызметтері бір жылда 2 есеге ұлғайтылды.

Ауыл тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігі үшін 2025 жылы 32 аудандық аурухананы жаңғырту жалғасады, олардың базасында ангиографтармен, КТ, МРТ жабдықталған кардиологиялық орталықтар, травматология, реанимация, хирургия бөлімшелері ашылады.

Бұл шаралар "алтын сағат" қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, бұл осы аурулардан болатын өлімді 20%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Ауылдық жерлерге медициналық кадрларды тарту бойынша жаңалықтар: ауылдағы жұмысқа орналасуды таңдайтын тапшылығы жоғары бейіндер бойынша жас дәрігерлер қосымша қаржылық ынталандырулар, тұрғын үйге жеңілдікті кредиттер және кәсіби өсу үшін мүмкіндіктер алады.

Бүгінгі таңда өңірлерге медициналық жоғары оқу орындарының 4148 түлегі жіберілді, оның ішінде ауылдық елді мекендерге 1233 дәрігер бөлінді.

Барлығы 544 түлек әлеуметтік қолдау алды. Еліміздің өңірлерінде алғаш рет ауылдағы 89 дәрігер, оның ішінде акушер-гинекологтар, анестезиологтар-реаниматологтар, хирургтар 100 ЕТЖ немесе 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлемдермен қамтамасыз етілді.

Ауылдық денсаулық сақтауды жақсарту жөніндегі кешенді тәсілдің нәтижесінде Қазақстанда соңғы 5 жылда сырқаттанушылық көрсеткіші 12,9%-ға, оның ішінде қала халқында 15,1%-ға және ауыл халқында 9,3%-ға төмендеді.

Ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы жоғары технологиялық медицина бойынша бірқатар жобалар бүкіл ел бойынша ауқымды.

Бір күндік клиникалар" жобасы жүкті әйелдерді пренаталдық диагностикалаудың инновациялық әдістерінің қолжетімділігін және туа біткен ақаулары мен хромосомалық патологиясы бар баланың туу қаупін уақтылы анықтауды, "бір терезе" қағидаты бойынша қызметтердің жоғары сапасын, 1 күннің ішінде зерттеудің жылдам және дәл нәтижелерін алуды қамтамасыз етеді.


Қазақстанда алғаш рет "Феталдық медицинасы" жобасы іске қосылып, 20 жатырішілік операция сәтті жүргізілді.

Бұл технологиялар ұрықтың ерте патологиялық жағдайларын аз инвазивті емшаралар арқылы түзетуге және емдеуге арналған. Олар балалардың арасында мүгедектіктің алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарына қолжетімді болады.

Ауылдар мен қалалардың тұрғындары үшін денсаулық сақтауда тең жағдай жасау ұлттық жобаның негізгі векторы болып табылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны