13.07.2021, 22:21 8371

Қазақстанда шамамен 2,5 млн адам вакцина алды

Екпе алғандар саны бойынша Алматы және Алматы облысы көш бастап тұр.
НҰР-СҰЛТАН. 13 ШІЛДЕ - Қазақстанда шамамен 2,5 млн адам толық вакцинациядан өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Вакцинация қарқыны туралы статистиканы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өз сайтында жариялады.
 
Деректер кестесіне сәйкес, екпе алғандар саны бойынша Алматы және Алматы облысы көш бастап тұр: тиісінше 355 424 адам және 249 370 адам. 
 
Вакцинация қарқыны бойынша екінші орында - Түркістан облысы, онда вакцинаның екі компонентін 275 674 адам алды.
 
Нұр-Сұлтанда 175 843 адам толық егілді. 
 
Ең аз егілгендер - 41 396 адам - Маңғыстау облысында. 
 
Республикада вакцинаның бірінші компонентін 4,5 млн адам алды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны