11.10.2024, 18:09 81346

Қазіргі уақытта халықтың 20,7% темекі тұтынады

2024 жылдың шілдесінде Ұлттық статистика бюросы ересек тұрғындар арасында темекіні тұтыну туралы кезекті жыл сайынғы зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросынан.

Сауалнама республиканың барлық өңірін, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қамтыды. Оған 15 жастан асқан 11824 үй шаруашылығының бір мүшесі жауап берді.

Зерттеу нәтижесінде сауалнамаға қатысқан үй мүшелерінің жалпы санынан қазіргі уақытта халықтың 20,7% (2023 жылы - 20,4%) немесе ерлердің - 39,8%, әйелдердің - 7,6% темекі шегеді. Ауылдық жерлерде темекі тартатындардың үлесі 22,3%, қалалық жерлерде - 20% құрады. Темекі шегетін халықтың жалпы санының 83,7% өнеркәсіпте жасалған темекіні шегеді. Өңірлер арасында темекі шегушілердің ең көп үлесі Шығыс-Қазақстан облысында (27,6%) тіркелді.

Үйде темекі түтінінің әсеріне жалпы халықтың 9,2% ұшырайды, оның ішінде 8,5% темекі шекпейтіндер, жұмыста темекі түтініне халықтың 6,6% ұшырайды, оның ішінде 6,2% - темекі шекпейтіндер. Қоғамдық тамақтану орындарында сауалнамаға қатысқан респонденттердің 11,5% темекі түтініне ұшырайды, оның 10,9% - темекі шекпейтіндер.

Темекі өнімдерін шегу ауру тудырады деп есептейтін респонденттердің үлесі 85,8% құрайды, сонымен бірге отбасы мүшелерінің темекі өнімдерін тұтынуына қарсы болған респонденттердің үлесі небәрі 4,6%. Барлық жерде темекі шегуге толық тыйым салатын заңнамалық бастамаларды енгізуге сауалнамаға қатысқан респонденттердің 72,2% қолдау білдірген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны