22.12.2021, 16:52 30916

Бүркітбаев ҚР-дағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтты

Жалпы Қазақстанда соңғы төрт айда сырқаттану деңгейі 16 есе төмендеді.
Бүркітбаев ҚР-дағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтты
НҰР-СҰЛТАН. 22 ЖЕЛТОҚСАН - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. Жандос Бүркітбаев Үкімет отырысында Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Жалпы Қазақстанда соңғы төрт айда сырқаттану деңгейі 16 есе төмендеді. Репродуктивті саны – 0,90 және тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендегені байқалады", - деді Бүркітбаев.

 
Оның айтуынша, инфекциялық және реанимациялық төсектердің қамтылуы 19%, соңғы үш айда емдеуді жалғастырушылар саны 4,5 есеге азайды.
 

Халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бірінші компонентпен 8,9 млн астам адам егілді, егілуге тиісті халықтың 80%-ға жуығы қамтылды. Екінші компонентпен 8,4 млн астам адам егілді, егілуге тиісті халықтың 75%-ға жуығы қамтылды. Қазір Comirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші компонентімен 235 117 адам егілді, оның ішінде 187 315 жасөспірім және 47 786 жүкті және бала емізетін әйел бар. Екінші компонентпен 66 017 адам егілді", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а.

 
Ол ҚР-ның 303 мың азаматы ревакцинация жасатқанын хабарлады.
 

Қазіргі уақытта республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамына сәйкес желтоқсан айында тәулігіне орта есеппен 560 жағдай тіркеліп, оптимистік сценарий орындалып жатыр", - деп атап өтті Жандос Бүркітбаев.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны