27.06.2022, 16:22 15156

Бес жаңа алматылықтың үшеуі - сырттан келгендер

Басқа да жылдам дамушы қалалар секілді Алматыда да урбандалу мәселелері бар.
Бес жаңа алматылықтың үшеуі - сырттан келгендер
АЛМАТЫ. 27 МАУСЫМ - Бес жаңа алматылықтың үшеуі - сырттан келгендер, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар" жобасында айтылғандай, басқа да жылдам дамушы қалалар секілді Алматыда да урбандалу мәселелері бар.
 
Осылайша, ел ішіндегі көші-қон есебінен халық санының жылдам өсуі байқалады: 5 жаңа алматылықтың 3-уі сырттан келгендер. Қатынамалы көші-қон (күнделікті 400 мың. астам адам кіреді), қылмыс қатерлерінің өсуі. Сырқаттанудың жоғары деңгейі, ҚР бойынша орташа қан айналымы жүйесінің аурулары деңгейінен орта есеппен 2,3 есе жоғары. Әлеуметтік қызметтерге жоғары сұраныс: мектептерде 19,6 мың орын тапшы. Деректерге сәйкес, мемлекеттік емханалар желісінің 60%-тен астамы 1,7 есе шамадан тыс жүктелген.
 
Сонымен қатар, жоба азаматтардың табысының төмен өсімін көрсетеді. Осылайша, 2015 жылдан бері халықтың нақты табысының небәрі 2%-ке өсуі құрады.
 
Мегаполисте жоғары инфляция (2022 ж. басынан бастап 8,8%) тіркелді.
 

Жоғары инфляциялық күтімдер сақталуда. 380 мың немесе ересек алматылықтардың 25%-і әлеуметтік медициналық сақтандыруға қол жеткізе алмайды", - делінген даму жоспарында.

 
10 қылмыстың 9-ын жұмыссыздар жасайды. Елдегі әрбір бесінші жұмыссыз жас Алматыда тұрады (14,4 мың адам).
 
Құжатқа сәйкес, көлеңкелі экономиканың елеулі үлесі – қаланың ЖІӨ-нің 28,3% (елдің ЖІӨ-нің 5,4%).
 
Сондай-ақ, қала аудандарының өмір сүру сапасындағы теңсіздіктер байқалады.
 

Оңтүстік бөлігінде – білім беру (60%), мәдениет объектілерінің (85%) және саябақ аймақтарының (75%) шоғырлануы. Солтүстік бөлігінде – өнеркәсіптік аймақтар, қоймалар, ескі тұрғын үйлер (61%). Күн санап өсіп келе жатқан көлік ағымы, кептелістер, 470 мың қалалық және 230 мың сырттан келетін автокөлік. Инженерлік желілердің дамымауы: қала аулалары мен көшелерінің 1/5-не жарық орнатылмаған; электр желілерінің тозуы 65%, желілердегі жоғалту 14%; суық сумен қамтудағы жоғалту - 30%; 40 мыңнан астам адам сырттан әкелінетін суды пайдаланады", - делінген құжат мәтінінде.

 
Бұған дейін хабарланғандай, соңғы 10 жылда Алматы халқы өте тез өсіп келеді. 2011 жылы қалада 1,4 миллион адам тұрды. 2021 жылы Алматыда 2 миллионнан астам адам болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны